Көкжыра ауылдық округінде 5 елді мекен орналасқан. Онда 512 аула 2470 адам тұрады. Ауылдық округтің жер көлемі 201100 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер көлемі-197600 гектар. Оның ішінде: егістік –2800 га, шабындық – 4000 га, жайылымдық – 190800 га жерді құрайды.
Округ аумағында орта мектеп, бастауыш мектеп, мектеп жанындағы интернат, 2 бала - бақша, мәдениет үйі, мешіт, емхана, 4 фельдшерлік пункт, кітапхана, казпочта бөлімшесі, ветеринарлық пункт, 1 өндірістік кооператив -138 адам жұмыс істейді, АӨК-3, ЖҚС-1, 50 шаруа қожалығы-онда жұмыс істейтіндер- 58 адам, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 9 азық-түлік дүкені, 1 әмбебап дүкені, 1-қоғамдық монша,2-аптека, 1-тойхана, 1 кафе-70 орындық жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарында 20 – трактор, қосалқы бөлшектерімен бар, ауыл тұрғындарында15 - трактор, бар.
Ауылдық округ аумағы бойынша желтоқсан айына 15400- бас ірі – қара, 41300- бас қой – ешкі, 4300 - бас жылқы малдары және 1760 бас құс тіркелді.
| Мекен жайы | Абай облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылы 5 орам 1 ғимарат |
| Телефон | 87234620585 |
| Электорнды почта | akimat_kokzhira@mail.ru |