
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша.
Ақсуат ауылдық округі экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы, оның ішінде: мал шаруашылығына негізделген. Округте 59 шаруа қожалығы тіркеліп жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы ауылдық округ бойынша 1087 га егістік жер игерілді. Атап айтқанда 1025 га жоңышқа, 3 га көкөніс, 10 га картоп және ауыл тұрғындары 49 га бақшалық жерлерді игерді. 11 шаруа қожалығы 8847 литр жеңілдетілген жанар-жағармай алды.
16.10.2023 жылы ИП «Ботабаев» пен бірге аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Б.Сербатыров, маманы Е.Асқарбеков, Ақсуат ауылдық округінің әкімі М.Иманбеков, ауыл шаруашылығы маманы Е.Нурахметов, қоғамдық кеңесінің мүшесі Б.Оразғалиев және ауыл тұрғындары бірігіп осы уақытқа дейінгі 3581 га елді мекен жеріне қосымша 3188,4 га елді мекен жерін нақтылау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда Резервтегі 1200+150+400+ Екпін елдімекен жерінен 600+ ТОО «Рауан» өз еркімен қайтарған 285 га жерлер нәтижесінде, елдімекен жеріне 2635 га, Сонымен қатар, Карипбаев.Серік 100 га, Жалелов.Шарипхан 70 га, Нұғыспанова Нұрсағат 40 га, Ыбырай Жеңіс 20 га, Кусайнов Ерболат 24,8 га, Сүлейменов.Арман 298,6 га Барлығы 6769 га елді мекен жері болып белгіленді.
Ауыл тұрғындарының арыздарын басшылыққа ала отырып, Ақсуат ауылдық округінің солтүстігінде орналасқан, ауыл тұрғыны Ерғали .Жұмаханға тиесілі 80 га, Мусауар Юсупқа тиесілі 30 га, Силам Алимханға тиесілі 64 га, Ақсуат ауылының тұрғыны болған, бүгінде қайтыс болған Хасен Уызбаевқа тиесілі 29 га, Танамырза ауылының тұрғыны Рашид Жұмажановқа тиесілі 29 га, Көкжыра ауылының тұрғыны болған, бүгінде қайтыс болған Рахымғажы Қыдырғожинға тиесілі 25 га, барлығы 257 га шабындық, жайылымдық жерлерге облыстық жер инспекциясы тексеріс ашу үшін, Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне ұсыныс жолданды.
01.10.2023 жылға ауылдық округ бойынша:
Ауыл округіндегі мал басы.
|
Р/с |
Мал түрлері |
01.10.2022 |
01.10.2023 |
Өсу қарқыны, % |
|
1. |
Ірі қара |
16526 |
17145 |
103,7 |
|
2. |
Қой-ешкі |
11064 |
12006 |
108,5 |
|
3. |
Жылқы |
1756 |
1841 |
104,8 |
Ауылдық округ аумағындағы жеке меншік мал түлігін өз төлі есебінен өсіру, малдың тұқымын асылдандырып, өнімін молайту мақсатында округ бойынша 2023 жылдың 10 айында:
Алынған өнім
|
Р/с |
Атауы |
2022 жыл 10 ай |
2023 жыл 10 ай |
Өсу қарқыны, % |
|
1. |
Ет (центнер) |
3700 |
4500 |
101,5 |
|
2. |
Сүт (центнер) |
1246 |
1472 |
106 |
Ауылдық округ бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес 2023 жылы:
«Ауыл аманаты» бағдарламасына 13 жоба 84,9 млн.тг; атап айтсақ 3 жоба 17,700 мың теңгеге Ірі қара, 10 жоба 67,200 мың теңгеге жылқы шаруашылығын дамытуға несие алды.
«Лизинг» бағдарламасымен 1 жоба 12,0 млн тг жоба қаралуда. “Мәруә” шаруа қожалығы 2 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтарын алды.
«Іскер» бағдарламасымен 9 жоба 133,0 млн тенге; атап айтсақ 6 жоба 100,0 млн теңгеге жылқы, 3 жоба 33,0 млн теңгеге ірі қара малдары сатып алынды.
Ұлттық жоба 2,5 пайыз несие жастарды қолдау мақсатында 7 жоба 33,700 мың тг; Атап айтсақ 3 жоба 13,800 мың теңгеге жылқы, 1 жоба 5,0 млн тг қой шаруашылығы, 1 жоба 4,900 мың тг ірі қара, 1 жоба 5,0 млн тг магазин ашуға, 1 жоба 5,0 млн тг авто көлік дөңгелектерін жөндеу орталығын ашуға несиелерін алса, 1 жоба бойынша 5,0 млн тг кірпіш құю құрылғыларын (песка блок) алуға құжаттары өткізіліп мақұлданды.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын басшылыққа ала отырып халықтың денсаулығын, жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, 027 – шы «Эпизоотияға қарсы шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ауылдық округке аса жұқпалы сібір жарасы, аусыл, құтырық, қарасан, туберкулез, ауруларына қарсы дәрі – дәрмектер бөлінді. Ауыл тұрғындарының жеке меншігіндегі малдарын ветеринарлық жұқпалы аурулардан алдын-алудың жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.
Ақсуат ауылдық округі бойынша 14100 бас ірі қара, 9450 бас қой малдарынан алынған серологиялық диагностикалық тексерудің қортындысы негізінде 73 бас ірі қара малдарынан бруцеллез ауруына оң таңба бергендігі анықталды. Ауру малдар толығымен жойылды. Шаруашылық субъектілерінің 1142 шаршы метр жер телімін құрайтын қора жайлары мен 30 аулаға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Жыл басыннан бері ауылда иесіз жүрген 136 бас қаңғыбас иттер жойылып, арнайы мал моласына апарып тасталды.
Кәсіпкерлік саласы.
Бүгінгі күні округте 62 сауда дүкені, 2 ет дүкені, 3 жабық базар, 5 сауда орталығы, 2 наубайхана, 1 тіс протезін жасау цехы, 4 – дәріхана, 1 – мал дәрігерлік дәріхана, 6 – кафе, 6 –мейрамхана, 3 – жанар-жағар май құю бекеті, 39 – қызмет көрсету орталығы, 3 – жиһаз жасау цехы, 6 – дөңгелек жөндеу орталықтары халыққа қызмет көрсетуде.
Көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен 2023 – 2024 жылғы қыс маусымында ауыл тұрғындарын қажетті қатты отынмен (көмірмен) толық қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Аудан орталығында 2014 жылы салыңған көмір сақтау қоймасы халыққа қызмет көрсетуде. Одан бөлек 8 жеке кәсіпкер көмір тасымалдайды.
Ауылдық округте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында әр апта сайын ауылдағы сауда дүкендері мен базарлардағы аса маңызды негізгі 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларына кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдерімен бірлесе отырып, ауыл әкімшілігі және жергілікті қоғамдастық мүшелері тарапынан мониторинг жүргізілуде. Санитарлық-тазалықты ұйымдастыру мақсатында, ауыл әкімі аппаратынан, жергілікті қоғамдастық мүшелері және учаскелік инспекторлардан арнайы мониторингтік топ құрылып, ауылдық округте орналасқан дүкендерді аралап, 5 /бес/ сауда дүкен иелеріне тазалық сақтамаған үшін айыппұл салынды. Осы орайда негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2023 жылдың аяғына дейін ауылдық округтегі сауда дүкендері мен базарлар және наубайхана иегерлері арасында сауда қосымшасын 15 пайыздан асырмау жөнінде 34 екі жақты меморандум жасалып, келісім-шарттарға қол қойылды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сай 2023 жылдың 10 айында аптаның сенбі күндері әр айда екі реттен бекітілген кестеге сәйкес жәрмеңкелер өткізу және жәрмеңкеде ет, балық, бал, сүт, картоп, көкөніс және нан тоқаш өнімдері арзан бағамен сату ұйымдастырылуда.
2023 жылдың 10 айында 20 рет жәрмеңкелер өткізу ұйымдастырылды. Өткізілген жәрмеңкелер негізінде делдалсыз кәсіпкердің өзінің сауда жасауымен халыққа қол жетімді бағада саудалануда.
Бұнда жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімдері күнделікті қажетті азық-түлік тауарларының бағасынан 10-15 пайыз төмен сату қамтамасыз етілді.