Бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары туралы ақпарат
Облыстың 272 елді мекеніне арналған бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын дамыту мақсатында «Болашақ әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын ескере отырып, 2025 жылға дейінгі орта мерзімді кезеңде Абай облысының елді мекендерін дамыту мен салудың бас жоспарларын, схемаларын кезең – кезеңімен әзірлеу мен түзетудің жол картасы» (бұдан әрі-Жолкарта) бекітілді, оған сәйкес бүгінгі күні жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы облыс бойынша 55 қала құрылысы жобасы әзірленді, оның ішінде 2024 жылғы 7 қаңтарға дейін 11 жоба бекітілді (Абай ауданы-3 жоба, Бородулиха ауданы - 8 жоба).
2024 жылдың қорытындысы бойынша 88 елді мекеннің қала құрылысы құжаттамасы әзірленді.
Қазіргі уақытта 2024 жылы әзірленген барлық қала құрылысы жобалары мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өту сатысында.
2025 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес 32 қала құрылысы жобасын дамыту жоспарлануда:
- Жаңасемей ауданы – 13 елді мекен;
- Бесқарағай ауданы – 4 елді мекен;
- Бородулиха ауданы – 5 елді мекен ;
- Жарма ауданы – 1 елді мекен;
- Көкпекті ауданы – 5 елді мекен;
- Үржар ауданы – 4 елді мекен.