GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаты
10 июля 2026
«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 13-17 шілде аралығында онлайн/оффлайн форматында басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетінін хабарлайды.

«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың 2026 жылғы 13-17 шілде аралығында GOV.KZ порталында онлайн-форматта өткізілетінін хабарлайды. Тілек білдірушілер талқылауға 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 15:00-де Мұхамедханов көшесі, 8, 333-кабинет мекенжайы бойынша офлайн форматта қатыса алады (ол үшін алдын ала 87079058733 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы, Басқарма қызметін реттейтін құқықтық, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты m.khromova@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаты
01 июля 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

«Абай облысының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарына кірісетінін хабарлайды және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барша азаматтарды қоғамдық талқылауға қатысуға шақырады: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер болған жағдайда, сондай-ақ Басқарма қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды m.khromova@akimatabai.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз, өйткені келіп түскен ақпарат жұмыс тобы тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Жер қатынастары саласы
27 марта 2026
Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды экономикалық айналымға тарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2022 жылдан бері өңірде 645 мың гектардан астам жер қайтарылып, жыл сайынғы жоспарлар белгіленген көрсеткіштерден асыра орындалып келеді.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2022 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасын орындау аясында жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімдігі жанынан әкім орынбасарының төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс кіші тобы құрылған.

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ануар Бейсенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында соңғы жылдары елеулі нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 645,1 мың гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 2022 жылы – 84,7 мың гектар, 2023 жылы – 255,5 мың гектар, 2024 жылы – 121,1 мың гектар.

- 2025 жылы қосымша 179,4 мың гектар пайдаланылмаған жер қайтарылып, бұл жылдық жоспардың 106%-ын құрады. Оның ішінде жайылымдар, егістік алқаптар және басқа да ауыл шаруашылығы жерлері бар. Сонымен қатар жалпы ауданы 319,3 мың гектарды құрайтын 247 пайдаланылмай жатқан жер учаскесі анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша материалдар Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне заңнамада көзделген шараларды қабылдау үшін жолданды, – деді Ануар Бейсенов.

Қайтарылған жерлер белгіленген тәртіппен қайта бөлініп, негізінен ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне, оның ішінде жеке мал шаруашылығы үшін жайылымдармен қамтамасыз етуге бағытталуда. 2026 жылға облысқа 90 мың гектар жерді қайтару жоспары бекітілген. 21 қаңтардағы жағдай бойынша жоспардың 4,8%-ы орындалып, 4,4 мың гектар жер қайтарылған.

- Сонымен қатар жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жұмыстары да қатар жүргізілуде. 2022–2025 жылдары қайтарылған 481,5 мың гектар жерді игеру жоспары бекітілген. 2025 жылы бұл жоспар толық орындалса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 12,7%-ға орындалды. Президент 2026 жылдың ортасына дейін қайтарылған барлық ауыл шаруашылығы жерлерін тұрақты айналымға енгізуді нақты тапсырма ретінде қойды, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Қазіргі таңда аудан әкімдіктеріне жерді шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне беру бойынша конкурстарды жандандыру міндеті қойылып отыр. Бұл ретте жайылымдарды бөлу тек жайылымдарды басқару жоспарлары бекітілген жағдайда ғана мүмкін.

Соған қарамастан, облыстың алты ауданында – Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар және Мақаншы аудандарында жайылым жерлерінің тапшылығы сақталуда. Сонымен қатар 3,3 млн гектар ауыл шаруашылығы жерінің профициті тіркеліп отыр, бұл оларды пайдалану тиімділігін арттыру қажеттігін көрсетеді.

Жерлерді қайтару және оларды айналымға енгізу жұмыстары жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаты
27 марта 2026
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында жаңа қызметкер мемлекеттік ант қабылдады

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында жаңа мемлекеттік қызметші салтанатты түрде ант қабылдады.

Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы Аяжан Базаралина 2025 жылы «Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылғы 28 қазаннан бастап аталған лауазымда еңбек етуде.

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.

Басқарма басшысы Әнуар Бейсенов жас маманды құттықтап, мемлекеттік қызмет - жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін маңызды сала екенін атап өтті. Сондай-ақ халыққа сапалы қызмет көрсетіп, кәсіби біліктілігін үнемі арттыру қажеттігін жеткізді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаты
27 марта 2026
Мемлекеттік қызметшілердің корпоративтік мәдениетін нығайтуға бағытталған кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмасын орындау аясында Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында мемлекеттік қызметшілердің корпоративтік мәдениетін нығайтуға бағытталған кездесу өтті.

👥 Басқарма ұжымымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қайрат Сапарғалиев қатысты.

📌 Кездесу барысында мемлекеттік аппараттың сервистік моделін дамыту, азаматтарға бағдарланған қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

🗣 Қайрат Нұрғазыұлы мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мен халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметте ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті.

Сәулет және қала құрылысы
27 марта 2026
Батыс Қазақстан облысының делегациясымен әкімшілік-іскерлік орталық құрылысы талқыланды

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Рүстемұлымен және Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Парасат Жұмағалиевпен кездесті.

Кездесу барысында «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының Семей қаласында салатын әкімшілік-іскерлік орталық нысанының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.

Тараптар жобаны іске асыру бойынша келісу, түсіндіру және қолдау көрсету бағытындағы ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді қарастырды.

 

Сәулет және қала құрылысы
27 марта 2026
ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ: СЕМЕЙДЕ ЖАҢА НЫСАН БОЙ КӨТЕРЕДІ

Ағымдағы жылдың басынан бастап «Абайға құрмет» бағдарламасы аясында еліміздің аймақтарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Осы уақыт ішінде Қызылорда облысының әкімдігімен Семей қаласының инфрақұрылымын дамыту және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кешенді келісімдер жүргізіле бастады.
📍 Осы бағыттағы жұмыс сапарлары аясында Басқарманың өкілі — «Облыстық сәулет бюросы» КММ директоры Асхат Бәкірұлы Бәкіров пен тиісті сала өкілдері Қызылорда облысының әкімдігінде бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздердің басты мақсаты — жаңа Әкімшілік-іскерлік орталық (ӘІО) аумағында заманауи құрылыс нысандарын жоспарлау және сәулеттік шешімдер бойынша тәжірибе алмасу болды.
🌙 Келісімдердің айтулы нәтижесі ретінде Семей қаласында «Анаға тағзым» орталығын салу жоспарланды. Бұл нысан Қызылорда облысының Абай еліне жасаған ерекше рухани тартуы, сыйға тартқан бірегей жобасы болмақ.
Болашақ орталық:
✨ Аналардың қоғамдағы мәртебесін ұлықтайтын мәдени-ағарту ошағы;
✨ Ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін рухани шаңырақ;
✨ Жаңа Әкімшілік-іскерлік орталықтың сәулеттік көркін ашатын заманауи ғимаратқа айналады.
🤝 Бұл бастама — өңірлер арасындағы бауырластық пен өзара қолдаудың айқын көрінісі. Қызылорда облысының әкімдігімен қол жеткізілген келісімдер облысымыздың әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттырып, халық игілігіне қызмет ететін нысандардың көбеюіне жол ашады.

 

Жер қатынастары саласы
27 марта 2026
Жер қатынастары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ашықтық

📢 Семей қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері қатысты.

🔎 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу;

«Жер аманаты» жобасы аясында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару;

Жер ресурстарын әділ бөлу және жайылым тапшылығы мәселелерін шешу.

💻 Жиын барысында жер қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ететін jerkarta.gharysh.kz геоақпараттық сервисінің жұмысына және цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекетке қайтарылған жерлерді ең алдымен ауыл тұрғындарының мұқтаждығына бағыттау – басым міндет ретінде айтылды.

⚖ Басқарма өкілдері салалық сұрақтарға жауап беріп, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бақылау комиссияларының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін жер қатынастары саласындағы әрбір шешімнің ашық болуы және заң шеңберінде жүзеге асырылуы маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – біздің күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігі», - деп атап өтті сала мамандары.

📍 Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар қамтылған кеңес қаулысы қабылданды.

 

27 марта 2026
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат: ашықтық пен тікелей диалогқа бағыт

Қазақстан Республикасының Президенті бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру - Басқарма қызметінің басым бағыты. Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы халықпен жедел өзара іс-қимыл жасаудың және өзекті мәселелерді шешудің тиімді құралы болып табылады.

2026 жылғы қаңтар айы жер мәселелерінің жоғары маңыздылығын көрсетті. Кезекті қабылдау барысында Басқарма басшысы өңір тұрғындары мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінен келіп түскен бірқатар өтініштерді қарады, бұл азаматтардың жер пайдалану мәселелеріндегі белсенді ұстанымын айқындайды.

Әрбір өтініш бойынша Басқарма басшысы тарапынан құқықтық сипаттағы толық түсініктемелер берілді және Қазақстан Республикасының Жер кодексі нормаларына қатаң сәйкестікте іс-қимылдардың кезең-кезеңімен орындалу алгоритмдері ұсынылды.

«Жер пайдаланушылармен тікелей диалог орнату атаулы құқықтық қолдау көрсетуге және барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығына кепілдік береді. Біздің басты міндетіміз - әрбір өтініш иесіне білікті әрі айқын жауап беру», - деп түйіндеді Басқарма басшысы.

Азаматтардың назарына! Жедел кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында Басқарма басшылығының жеке қабылдауы Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8 мекенжайы бойынша тұрақты негізде өткізіледі.

Қабылдау кестесі:
👤• Басқарма басшысы: Әр айдың бірінші және үшінші аптасының сәрсенбі күндері, сағат 15:30-дан 17:30-ға дейін (333-кабинет).

👥• Басқарма басшысының орынбасары (жер қатынастары мәселелері бойынша): Әр айдың бірінші және үшінші аптасының бейсенбі күндері, сағат 15:30-дан 17:30-ға дейін (325-кабинет).

👥• Басқарма басшысының орынбасары (сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша): Әр айдың бірінші және үшінші аптасының жұма күні, сағат 15:30-дан 17:30-ға дейін (333/2-кабинет).

Қабылдауға жазылу және өзекті анықтамалық ақпаратпен танысу gov.kz/abay-agz ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ e-Otinish платформасы арқылы қолжетімді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаты
27 марта 2026
Мемлекеттік қызметшінің бір күні: Жауапкершілік пен адалдық

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімі бас маманының жұмыс барысымен таныстыру туралы келесі сілтеме бойынша бейнеролик орналастырылды.https://www.instagram.com/p/DT9b7MqjJwX/

Мемлекеттік қызмет — бұл тек лауазым емес, бұл халыққа қызмет ету жолындағы жоғары жауапкершілік. Әрбір жұмыс күні жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуден, ашықтық пен әділдік принциптерін ұстанудан тұрады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, біздің ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін нығайту басты орында.

Адалдық — біздің басты құндылығымыз. Ел игілігі мен жер қатынастарының ашықтығы үшін еңбек етуді мақсат тұтамыз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы