Жоба
«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бағыттары бойынша 2025 жылдың 9-23 маусымы аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы
талдамалық анықтамасы
23.06.2025 жыл
«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) 2025 жылғы
4 маусымдағы № 27-н/қ бұйрығына сәйкес Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды 2024 жылдың
1 шілдесінен 31 желтоқсаны аралығында (бұдан әрі – 2024 жылдың
2-жартыжылдығы) және 2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 мамыры аралығында (бұдан әрі – 2025 жылдың 1-жартыжылдығы) анықтау және азайту (жою) тұрғысынан ішкі талдау келесі құрамында жүргізілді:
1) Басқарма басшысы – А.Т. Бейсенов;
2) Басқарманың құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Д.Д. Жаныбекова;
3) Басқарманың жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімі басшысының м.а. – Д.Е. Идрисова;
4) Басқарманың сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімі басшысының м.а. – А.А. Оразбаева;
5) Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы – М.Б. Төлеген.
Бұл рәсім «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында көзделген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма облыс аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамыту, жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ облыстың жер ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін міндеттері бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Абай облысы әкімдігінің қаулыларына, Абай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Басқарманың ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін бағыттары бойынша анықтау
Басқарма өз құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы Абай облысы әкімдігінің қаулылары нысанында нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) жобаларын құру және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, күшін жою жөніндегі әзірлеуді, сондай-ақ Басқарманың нормативтік емес құқықтық актілерін қабылдау, өзгерту мен толықтыру енгізу, жоюды жүргізе алады.
Басқармамен 2024 жылдың 2-жартыжылдығы НҚА жобалары әзірленбесе, 2025 жылдың 1-жартыжылдығына келесілер әзірленді:
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Басқармамен талдау барысында НҚА-ны әзірлеу, келісу, сараптау, тіркеу рәсімдерін сақтады.
Жоғарыда аталған НҚА сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
анықталмады. Сондай-ақ, Басқарма бөлімдері өз қызметінде
Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Кодексін,
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін,
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларын, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңын,
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын, Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын,
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын,
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңын және өзге де салалық НҚА басшылыққа алып, қолданады. Басқарма бөлімдерінің қызметінде жоғарыда қолданылатын НҚА сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін себептердің болмауына байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
2024 жылдың 2-жартыжылдығы мен 2025 жылдың 1-жартыжылдығы аралығында бұйрықтар нысанындағы 199 нормативтік емес құқықтық актілер қабылданды (оның ішінде: негізгі құрам бойынша 59, жеке құрам бойынша 140). Нормативтік емес құқықтық актілердің деректерін талдай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Басқарманың қызметін реттейтін кейбір нормалардың болмауы анықталды, олар тиісті мерзімде қабылдануы қажет: Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы страндарты туралы, Басқарманың еңбек тәртібі туралы. Осы актілердің болмауы Басқарманың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін. 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі деп саналады.
Абай облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес басқарманың штат саны 18 мемлекеттік қызметшіні және 5 еңбек шарты негізінде жұмыс істейітін штаттан тыс қызметкерлерінен тұрады.
Анықтаманың мерзіміне 14 мемлекеттік қызметші және 3 еңбек шарты негізінде жұмыс істейітін штаттан тыс қызметкерлер нақты жұмыс істейді, оның ішінде гендерлік қатынасы: ерлер-4, әйелдер-10. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің орташа жасы 30-35 жасты құрайды.
Персонал ауысымдылығы бойынша 2024 жылдың 2-жартыжылдығында
6 мемлекеттік қызметші (таза ауысым бойынша 2), 2025 жылдың
1-жартыжылдығына 2 мемлекеттік қызметші (таза ауысым бойынша 1) мемлекеттік қызметтен өз қалауларымен және басқа мемлекеттік лауазымға ауысыуына байланысты босатылған.
Бұл ретте, қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып, сондай-ақ теріс себептер бойынша қызметшілерді жұмыстан шығарудың қандай да бір фактілер тіркелмеген. Мүдделер қақтығысының көріністері анықталмады.
Сондай-ақ, Басқарманың бос мемлекеттік лауазымдарына
«Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен (персоналды бірыңғай басқарудың қызметі) өткізілетін конкурстық рәсімдері арқылы және
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес орналасады.
2024 жылдың 2-жартыжылдығы мен 2025 жылдың 1-жартыжылдығы аралығында мемлекеттік қызметшілер орналасты:
1) 2024 жылдың 2-жартыжылдығында: бос мемлекеттік лауазымдарға конкурстық рәсімдері арқылы орналасқандар саны – 4, конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасқандар саны – 3.
2) 2025 жылдың 1-жартыжылдығы аралығында: бос мемлекеттік лауазымдарға конкурстық рәсімдері арқылы орналасқандар саны – 1, конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасқандар саны – 0.
Барлық бос мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдері басқарманың бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүргізілген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Басқарманың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Бекіту кезінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары сақталды және талаптар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық бөлімшемен келісілді.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Басқарманың ережесінде және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Бос мемлекеттік лауазымға орналасатын мемлекеттік қызметшілермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелері қабылданады. Қабылданбаған міндеттемелер анықталмады. Сондай-ақ активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны мерзімді ұсынады.
Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 72 қаулысына сәйкес Басқарманың қарамағында ұйым «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық сәулет бюросы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Облыстық сәулет бюросы) құрылды. Анықтаманы құру кезеңіне тек Облыстық сәулет бюросының директоры тағайындалды. Басқа азаматтық қызметкерлердің орналасуы ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарлануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, оларға баға беру мүмкін емес.
2024 жылдың 2-жартыжылдығы мен 2025 жылдың 1-жартыжылдығы аралығында сыбайлас жемқорлық жағдайларының болу фактілері болмауы себебінен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар анықталмады.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін. Мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету
Басқарма келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:
8 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» порталы, 1 мемлекеттік қызмет Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры, 1 мемлекеттік қызмет қызметті берушінің кеңсесі, 1 мемлекттік қызмет «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Барлық рәсімдер электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылады. 2024 жылдың 2-жартыжылдығы мен
2025 жылдың 1-жартыжылдығы аралығындағы кезеңде уәкілетті органдармен жүргізген, ішкі тексерістердің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық жағдайлары тіркелмеген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Басқарманың құзыретіне жер қатынастарын реттеу және үйлестіру, сәулет, қала құрылысы бағыттары бойынша рұқсат беру функциялары жатады. Ол бөлімдердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 30 қаулысымен бекітілген басқарманың Ережесіне сәйкес бақылау функцияларына мыналар жатады:
1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу объектілерін салу қатысушыларының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады
2) Өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Бақылау функцияларын іске асыруға қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бюджетті жоспарлау, бөлу және қаражатты игеру
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және өзге де заңнамалық актiлерге сәйкес орындалады. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі ақпаратты
«Ашық бюджеттер» ақпарттық жүйесіне және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады. Басқармада мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу веб-портал арқылы жүргізіледі. Барлық рәсімдер электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
Басқармамен жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу веб-портал арқылы электронды түрде шарт жасасу және жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) қағаз тасығыш түріндегі шартын жасасу жолымен жүзеге асырылады. Аталған шарттар уәкілетті органдармен бекітілген үлгілік шарттардың негізінде жасалу себебінен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Басқарманың құзыретіне ақпараттық жүйелерді әзірлеу құзыреті болмағандықтан және мемлекеттік органдардың ақпараттын орналастыруға рұқсат берілген ақпараттық жүйлерді ғана қолдану себебінен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
9) Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Басқарма басшылығы келесі лауазымдардан тұрады:
Басқарма басшысы (D-O-1), басшының орынбасары (D-O-2); бөлім басшысы (D-O-3).
Басқармада барлық бағыттар бойынша тапсырманы орындау тәртібі сақталады. Басшылыққа, орындаушы қызметшілерге қатысты әдеп стандарттарын сақтау бойынша жұмысқа орналасқан күннен бастап таныстырылады. Басшылық тарапынан және қызметшілер арасында лауазымдық өкілеттіктердің асыра қолдану жағдайлары анықталмады. Басшының және басшы орынбасарының жеке қабылдауында мемлекеттік қызметшілерді жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіліп,
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шешіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Қорытынды
Басқарма бойынша Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау бағытында 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Ұсыным: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларына сәйкес Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы страндарты туралы, Басқарманың еңбек тәртібі туралы құқықтық актілер жыл соңына дейін қабылдансын.
Басшы |
А. Бейсенов |
|
|
Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы |
Д. Жаныбекова |
|
|
Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімі басшысының м.а. |
Д. Идрисова |
|
|
Сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімі басшысының м.а. |
А. Оразбаева |
|
|
Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы |
М. Төлеген |