Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығы өнімдерін

қайта өңдеу туралы ақпарат

 

Облыста өңір халқының қажеттілігін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.

2023 жылы 11 ай қортындысы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары 39,0 мың тонна сиыр және 15,6 мың тонна құс еті, 56,9 млн. дана тағамдық жұмыртқа, 168,6 мың тонна картоп, 21,0 мың тонна сәбіз, 3,0 мың тонна пияз, 23,3 мың тонна қырыққабат, 103,3 мың. тонна өсімдік майы, 57,7 мың тонна ұн, 7,1 мың тонна нан және 2,5 мың тонна макарон өнімдерін өндірді.

Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында облыста барлығы                  39 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Оның ішінде 22,0 мың басқа арналған     11 өнеркәсіптік типтегі (бір мезгілде 1000-нан астам бұқашық бордақыланады).

Алайда, бұл шаруалар мал өсірумен, бордақылаумен айналысса да, алынған шикізатты сату проблемасы бар және облыста ірі өңдеу кәсіпорындары жоқ екенін атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда облыста шұжық өнімдерін шығаратын 3 цех жұмыс істейді. Оның ішінде Бородулиха ауданының «Е.Зайтенов» (жылына 375 тонна өнім) және Семей қаласының «Қалиханұлы» шаруа қожалықтары (жылына 100 тонна өнім) өз шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы жануарларынан шикізат алады. «Арай-EAST FOOD» ЖШС (жылына 3650 тонна өнім) шикізатты тек Моңғолиядан сатып алады.

Жоғарыда аталған мәселені шешу мақсатында 2024-2025 жылдары облыста ет комбинаттарын салу бойынша жобалар бар.

Мәселен, Семей қаласының аумағында жылдық қуаты 12 600 тонна «Евразия Агро Семей» ЖШС ет комбинатының құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта бұл жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Бұдан басқа, 2024 жылы қуаттылығы жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ыкылас Инвест» ЖШС ет консерві зауытын ашу жоспарлануда.

Ет комбинаттарын салу-бұл мәселені шешудің үлкен тетігі. Бұдан басқа, аталған комбинаттардың үздіксіз шикізатын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған бордақылау алаңдарымен кооперация шеңберінде олардың арасында бүгінгі күні жеткізу шарттарына қол қойылды.

Бүгінгі таңда сүт өнімдерін шығару жылына жалпы жобалық қуаты 18 мың тонна болатын 7 сүт өңдеу кәсіпорнында жүзеге асырылады. (жүктемесі 50%).

Сонымен қатар, қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен жүктемесін қамтамасыз ету үшін 2024 жылы «Қалиханұлы» ШҚ және «Өрнек» ЖШС базасында 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын кеңейту бойынша екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

 

 

Дата публикации
03 января 2024
Дата обновления
03 января 2024
Тип
Информация

Сейчас читают

Перечень
04 сентября 2026
Перечень должностей подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков
Интервью
10 февраля 2026
Комплексный план развития животноводства на 2026-2030 годы
Интервью
10 февраля 2026
Программа "Игілік"

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы