2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда жануарлар санының келесі түрлері бойынша ұлғаю үрдісі байқалады:
ІҚМ +7,8% - ға 402,3 мың басқа дейін
жылқылар +2,8% - ға 337,9 мың басқа дейін
қой + 2,8% - ға 1 083,5 мың басқа дейін
ешкі +2,1% - ға 155,9мың басқа дейін
түйелер +10,0% - ға485 басқа дейін
Шошқалардың саны -13,2 % - ға 8,0 мың басқа дейін, құстар -15,4 % - ға 1 314,0 мың басқа дейін төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру: Облыс бойынша барлық түрдегі ет өндірісі +2,0% - ға ұлғайып, 83, 5 мың тоннаны құрады (оның ішінде сиыр еті 39,0 мың тонна, қой еті 11,1 тонна, шошқа еті 639 тонна, жылқы еті 17,0 мың тонна, құс еті 15,7 мың тонна), сиыр сүті +3,8% - ға 562,1 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Тауық жұмыртқасының өндірісі -6,6% - ға 56,9 млн. данаға дейін төмендеді.
Облыста агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.
Ет саласына қатысты
2023 жылғы 1 желтоқсан жағдай бойынша өңірде 39 бордақылау алаңы (қуаттылығы 25 519 басқа арналған орын) жұмыс істейді, оның ішінде 11 өнеркәсіптік бордақылау алаңы қуаттылығы 1000 бас орнынан басталатын (жалпы қуаттылығы 22,0 мың басқа арналған орын).
2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, облыс бойынша бордақылау алаңдарының жүктемесі 26,2% -. құрады (бордақылауға 6,7 мың бас бұқа қойылды), оның 467 басы Өзбекстан Республикасына экспортталды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда облыста шұжық өнімдерін шығаратын 3 цех жұмыс істейді. Оның ішінде Бородулиха ауданының "Е.Зайтенов" шаруа қожалығы (жылына 330 тонна өнім) және Семей қаласының "Қалиханұлы" шаруа қожалығы (жылына 1540 тонна өнім) өз шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы жануарларынан шикізат алады. "Арай-EAST FOOD" ЖШС үшінші өңдеу цехы (жылына 3650 тонна өнім) шикізатты тек Моңғолиядан сатып алады.
Жоғарыда аталған мәселені шешу мақсатында 2023-2024 жылдары облыста ет комбинаттарын салу бойынша жобалар бар.
Мәселен, Семей қаласының аумағында жылдық қуаттылығы 12 600 тонна "Еуразия Агро Семей" ЖШС ет комбинатының құрылысын бастау жоспарлануда.
Бұдан басқа, 2024 жылдың 1 тоқсанында қуаттылығы жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын "Ыкылас Инвест" ЖШС ет консерві зауытын ашу жоспарлануда.
Ет комбинаттарын салу- бұл мәселеніні шешудің үлкен тетігі. Бұдан басқа, аталған комбинаттардың үздіксіз шикізатын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған бордақылау алаңдарымен кооперация шеңберінде олардың арасында бүгінгі күні жеткізу шарттарына қол қойылды.
Сүт саласына қатысты
Облыстың сүт зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 3 081 сауын басына 11 сүт-тауар фермасы (МТФ) және халықтан сүт сатып алуға тартылған 7 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңдеуге 12,2 мың тонна шикізат жіберілді, оның ішінде МТФ - 8,5 мың тонна және сүт қабылдау пункті - 2,6 мың тонна.
Бүгінгі таңда қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен жүктелуін қамтамасыз ету үшін облыста сүт фермаларының құрылысы мен кеңеюі қарқын алуда ("Қалиханұлы" ШҚ және "Өрнек" ЖШС базасында), бүгінде сүт өндіру көлемін 4,3 мың тоннаға ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басын қосымша 650 басқа ұлғайтуға мүмкіндік беретін 2 сүт-тауар фермасы салынуда инвестиция көлемі 850 млн. теңге.