Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТ Абай облысының 2023 жылғы 1 қарашаға жердің болуы және оларды санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлу туралы жылдық есеп туралы

Абай облысының 2023 жылғы 1 қарашаға жердің болуы және оларды санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлу туралы жылдық есеп туралы

АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті әзірлеген жер балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 25 бұйрығына сәйкес, кадастрлық деректерді нақтылау және жаңарту мақсатында Абай облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ағымдағы жылдың
1 қарашасындағы жағдай бойынша облыс жерлерінің болуы, саны және сапалық жай-күйі мен пайдаланылуы туралы, оған алқаптардың алаңдарында болған өзгерістер, оларды санаттар, меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша бөлу туралы мәліметтер енгізіліп, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу жөніндегі басқа да мәліметтер туралы есепті жасады.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Абай облысының аумағы 18 571,9 мың га құрайды.  

Абай облысының жер санаттары бойынша

жер қорына бөлінуі

№ п/п

Жерлер санаты

Алаңы, мың га

 

1

 

 

 

 

2.

3.

 

4.

5.

6.

7.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

оның ішінде

- азаматтардың жерлері

- ұйымның жерлері

 

Елді мекендердің жерлері

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері

және басқа ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

Орман қорының жерлері

Су қорының жерлері

Босалқы жерлер

 

9 232,1

 

7 710,9

1 521,2

 

2 317,3

103,7

 

854,5

0

82,6

5 981,7

 

Барлық жерлер

18 571,9

8

Облыс өз шекарасынан тыс жерде пайдаланатын жерлер

26,5

9

Облыс шекарасы шегінде басқа облыс пайдаланатын жерлер

2,3

 

Облыс аумағы

18  547,7

 

2023 жылы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жер көлемі 2022 жылмен салыстырғанда жер беру есебінен және тексеру қорытындылары бойынша 399,9 мың гектарға ұлғайды және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының жерді қайтаруы, өзге себептер бойынша шаруашылықтардың басқа нысандарына қайта құрылуы есебінен 236,4 мың гектарға азайды.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 9 232,1 мың га (2022 жылы – 9 068,6 мың га) құрады, оның ішінде жерлер бойынша:

  • егістік-812,9 мың га (8,8%);
  • тыңайған жерлер-91,5 мың га (0,1 %);
  • шабындық -242,9 мың га (2,6 %);
  • жайылым -7945,9 мың га (86,0 %).

 

Ағымдағы жылы шаруа қожалықтарының жерлері өткен жылмен салыстырғанда 288,8 мың гектарға ұлғайып, 204,4 мың гектарға азайып,
7 564,4 мың гектарды құрады (2022 жылы – 7 480 мың гектар).

Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын ұйымдардың жерлері есепті жылы 62,10 мың гектарға ұлғайып, 18,3 мың гектарға азайып, 1 521,2 мың гектарды құрады (2022 жылы – 1 477,4 мың гектар).

       

          Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жер пайдаланушылардың саны 9 810 құрайды (82-ге кему), оның ішінде:

  • шаруа қожалықтары-8 093 (53-ке азайды);
  • шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар – 277 (7-ге ұлғайды);
  • өндірістік кооперативтер - 110 (5-ке ұлғайды);
  • басқа кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер – 4 (өзгеріссіз);
  • ғылыми-зерттеу және оқу орындары мен мекемелері – 23 (2- азайды);
  • қосалқы кәсіпорындар-3 (өзгеріссіз);
  • басқа мемлекеттік кәсіпорындар-14 (2-ге азайды).

 

Санының азаюы нақтылау (ревизия) қорытындысы бойынша орын алды.

 

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау жүргізілді:

  • Бесқарғай ауданы-0,2 мың га шабындықтан егістікке ауыстыру;

2,4 мың га жайылымнан егістікке ауыстыру;

1,9 мың га тыңайған жерлерден жайылымға ауыстыру (елді-мекен жерлерінде, жылдық есепте ескерілмеген 2022 жылғы трансформация);

  • Бородулиха ауданы-10,1 мың га жайылымнан егістікке ауыстыру;

0,1 мың га жайылымнан шабындыққа ауыстыру;

  • Семей қаласының әкімшілік шекарасы - 0,8 мың га жайылымдардан суармалы егістікке ауыстыру.

 

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес облыста 339 елді мекен бар, оның ішінде 2 облыстық маңызы бар қала (Семей қ. және Курчатов қ.), 2 аудандық маңызы бар қала (Шар қ., Аягөз қаласы) және 335 ауыл (статистикалық деректермен 6 ауылға сәйкессіздіктер бар).

2023 жылы елді мекендердің жерлері Абай облысының Бесқарғай ауданындағы елді мекендердің шекараларын белгілеу есебінен 5,0 мың гектарға ұлғайып, 2 317,3 мың гектарды құрады (Бесқарғай ауданы әкімдігі мен Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023.04.28 № 146 және № 2/6-VII, № 147 және № 2/5 - VIII, №147 және № 2/5-VIII бірлескен қаулысы мен шешімі 147 және № 2/7-VIII), атап айтқанда:

 

Елді мекен атауы

Шекараларын белгілегенге дейін, га

Шекараларын белгілегеннен кейін, га

Айырмашылығы, га

Башкуль

8139,3

9765,9907

1626,691

Бегень

11507,3

15967,6895

4460,39

Глуховка

3701,8

3223,7246

-478,075

Стеклянка

1786,1

1527,3174

-258,783

Канонерка

7723,1

8570,7533

847,6533

Лесной

4570

5543,1502

973,1502

Кривинка

13780

9424,9853

-4355,01

Ерназар

10891,3965

11560,7538

669,3573

Карабас

12063,1

13519,9397

1456,84

Жиыны

4942,2

 

        Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер есепті жылы жер қойнауын пайдаланушылардың Абай облысының Үржар, Көкпекті, Абай аудандарындағы келісімшарттық аумақтарды игеруі есебінен 1,6 мың гектарға ұлғайып, 103,7 мың гектарды құрады (2022 жылы – 102,1 мың гектар).

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі ағымдағы жылы өзгеріссіз қалды және 854,5 мың га құрады, оның ішінде:

  • «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ барлығы-656,4 мың га, оның ішінде:

Семей қаласының аумағында-104,6 мың га;

Абай ауданының аумағында-8,9 мың га;

Бесқарағай ауданының аумағында-392,4 мың га;

Жарма ауданының аумағында-14,5 мың га;

Көкпекті ауданының аумағында-13,9 мың га;

Бородулиха ауданының аумағында-99,4 мың га;

Ақсуат ауданының аумағында-6,5 мың га;

Аягөз ауданының аумағында - 16,3 мың га.

  • Үржар ауданындағы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық паркі» РММ-143,5 мың га;
  • Үржар ауданындағы «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» ММ - 47,8 мың га;
  • Абай ауданындағы Абай мұражай қорығы – 6,4 мың га.

 

Абай облысының аумағында орман қорының жері жоқ.

 

Су қорының жерлері өзгеріссіз қалып, 82,6 мың га құрады. Жер пайдаланушылар саны – 4 құрайды.

 

Запастағы жерлер есепті жылы 170,1 мың гектарға азайып, 5 981,7 мың гектарды (2022 жылы – 6 151,8 мың гектар) құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына таратуға жарамды ауыл шаруашылығы алқаптарының жерлері – 4 776,7 мың гектарды құрады, оның ішінде жерлер бойынша:

  • тыңайған жерлер-56,5 мың га;
  • көпжылдық екпелер-2,1 мың га;
  • шабындықтар-251,9 мың га;
  • жайылымдар-4466,2 мың га.

 

         Есепті жылы облыс өз шекарасынан тыс жерде пайдаланатын жерлер (Абай облысының Аягөз ауданы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерлерін пайдаланады, Семей облыстық еңбек депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің 1994 жылғы 22 шілдедегі № 381-19 шешімі негізінде) өзгеріссіз қалды және - 26,5 мың га құрады.

Анықтама * шешімде пайдалануға берілген жер көлемі 20,0 мың га құрайды, жерді беру туралы мұрағаттық деректер 6,5 мың га табылған жоқ.

Облыс шекарасы шегінде басқа облыс пайдаланатын жерлер (Жетісу облысы Абай облысы Үржар ауданының жерлерін пайдаланады) өзгеріссіз қалды және 2,3 мың га құрады.

 

          Есепті жылы бұзылған жер көлемі Семей қаласында «Силикат» ЖШС-нің 6,7 га-ға ұлғайды, оның ішінде ағымдағы жылы 4,5 га, 2022 жылы 2,2 га есепке алынбаған.

Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жүргізілген жоқ.

   

          Облыстың суармалы жерлерінің жалпы ауданы 01.11.2023 жылға 113,2 мың га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 88,2 мың га (өңірдің шаруа қожалықтары үшін 60,8 мың га, ұйымдарда 27,4 мың га), елді мекеннің жерлері 8,9 мың га, қордағы жерлер 14 мың га, басқа санаттарда 2,1 мың га бекітілді.

Тұрақты суару жерлері Семей қаласының жерлерінен 0,9 мың гектарға ұлғайды, оның ішінде ағымдағы жылы 0,8 мың гектар:

  • 78,0 га жерді жайылымдардан суармалы егістікке «Жаз» шаруа қожалығына ауыстыру жолымен бас Оспанов А. Ж. (кад нөмірі 23-252-148-063);
  • «Қаликанұлы» шаруа қожалығына жайылымдардан суармалы егістікке 697,6 га жер (кад нөмірі 23-252-143-097);
  • 0,1 мың га бұрын есепке есепке алынбаған өткен жылдардың трансформациясы (163,0 га Қайнар-Агро ш/қ кад нөмірі 23-252-152-568).

 

Лиманды суару жерлері де өзгеріссіз қалды және 80,6 мың га құрайды.

Дата публикации
03 января 2024
Дата обновления
03 января 2024
Тип
Информация

Сейчас читают

Перечень
04 сентября 2026
Перечень должностей подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков
Интервью
10 февраля 2026
Программа "Игілік"
10 февраля 2026
Работа управления сельского хозяйства области Абай с населением

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы