Абай: Alihan Bokeikhan University студенттерімен кездесу

Абай: Alihan Bokeikhan University студенттерімен кездесу
«Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Alihan Bokeikhan University студенттерімен рекрутингтік жұмыс шеңберінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге Департаменттің қызметі, экономикалық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ лудоманияның қауіптері туралы айтылды. Сонымен қатар Қаржылық мониторинг органдарында тәжірибеден өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Іс-шара соңында Департаментпен белсенді ынтымақтастық орнатып, «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында дропперлік ісі бойынша дайындалған сот процесінің реконструкциясына қатысқан студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.