Абай: әлеуметтік төлемдер — тек заң аясында

Абай: әлеуметтік төлемдер — тек заң аясында

Абай: әлеуметтік төлемдер — тек заң аясында

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік төлемдерді алу кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында облыс тұрғындарына жәрдемақыларды заңды түрде рәсімдеу тәртібі және заңсыз схемаларға қатысқаны үшін жауапкершілік түсіндірілуде. Әсіресе жалған тіркеу, табысты жасыру және мемлекеттік төлемдерді алу үшін жалған мәліметтер ұсыну фактілеріне ерекше назар аударылады.

Азаматтарға әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемаларына қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін және мемлекетке келтірілген залалды өтеу міндетті екенін ескертеміз.

Департамент әлеуметтік төлемдерді тек заңды жолмен рәсімдеуге шақырады.

Заң мен Тәртіп әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.