Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – тұрақты бақылауда

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – тұрақты бақылауда
0

Абай облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл мен өңірлік Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің қатысуымен бірлескен кездесу өтті.

Кездесуге Абай облысы бойынша ЭТД басшысының орынбасары Д.С. Байжуманов қатысты. Жиын барысында бизнесті қорғау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласудың алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыру, кәсіпкерлерге арналған бірлескен қабылдаулар өткізу және ақпаратпен жедел алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.