АБАЙ: Сандық қауіпсіздік

АБАЙ: Сандық қауіпсіздік
0

Идеологиялық «Заң және Тәртіп» нарративі аясында Абай облысы бойынша ЭТД қызметкерлері жастарға арналған кезекті цифрлық сауаттылық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және интернет кеңістігіндегі экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Шара интерактивті дәріс форматында өтті. ЭТД мамандары студенттерге цифрлық кеңістіктегі негізгі қауіптер туралы жан-жақты ақпарат берді. Жастар онлайн-алаяқтықтың ең таралған тәсілдерімен, фишингтің жұмыс принциптерімен, әлеуметтік инженерия әдістерімен, жалған инвестициялық ұсыныстардың белгілерімен және жеке деректерді тарату қаупімен танысты.