АБАЙ: Заң және азаматтық жауапкершілік

0

Еліміз бойынша өткен республикалық «Халық заңгері» акциясы аясында Абай облысының тұрғындары өзекті құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.⠀

Іс-шараға Абай облысы бойынша ЭТД өкілдері прокуратура, әділет, полиция және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен бірлесіп қатысты.

⠀       ЭТД өкілдері азаматтарға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қаржылық алаяқтық пен пирамида түріндегі заңсыз сызбалардың алдын алу, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесімен күрес мәселелері бойынша кеңес берді.

⠀         Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қылмыстық кодексінің жекелеген баптары түсіндіріліп, экономикалық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары туралы айтылды.

⠀         Акция ашық форматта өтті, кез келген азамат өз сұрағын қойып, кәсіби заңгерлерден нақты жауап ала алды. Бұл іс-шара мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог алаңына айналып, сенімді нығайту мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.