АБАЙ: Зейнеткерлерге қаржылық сауаттылық

Абай облысы бойынша ЭТД Семей қаласының Ұзақ өмір сүру
орталығында зейнеткерлерге қаржылық сауаттылық бойынша сабақ өткізді.
Қарт азаматтарға қаржы пирамидаларының белгілері, алаяқтықтан қорғану шаралары және банк қызметтерін қауіпсіз пайдалану жолдары түсіндірілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, тәжірибелік кеңестерге ие болды.