Абай: Қаржылық сауаттылық - заң мен тәртіп кепілі»

Абай: Қаржылық сауаттылық - заң мен тәртіп кепілі»

Политехникалық колледжде Абай облысы бойынша ЭТД қызметкерлерінің қатысуымен қаржылық сауаттылыққа арналған сабақ өтті. Іс-шара жалпыұлттық «Заң және Тәртіп» нарративі аясында өтіп, студенттердің жеке қаржыны жауапкершілікпен басқаруы мен заңсыз схемаларға тартылудың алдын алуға бағытталды.

ЭТД мамандары қатысушыларға қаржы пирамидаларының белгілері, лудоманияның қауіптері, интернет-алаяқтық тәсілдері және онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы жан-жақты түсіндірді. Әсіресе жастарды заңға қайшы әрекеттерге тартудан қорғау және құқықтық мәдениетті арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.