БҚДА: ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢДАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ДАМЫМАҒАН, БӘСЕКЕЛЕСТІКПЕН ЖОҒАРЫ ШОҒЫРЛАНҒАН

БҚДА: ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢДАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ДАМЫМАҒАН, БӘСЕКЕЛЕСТІКПЕН ЖОҒАРЫ ШОҒЫРЛАНҒАН

Агенттік тауарларды бөлшек саудада өткізу мақсатында электрондық сауда алаңдарына кіруді қамтамасыз ету қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Географиялық шекаралары-Қазақстан Республикасының аумағы болып белгіленді.

Электрондық сауда алаңдарының қызметі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.

Заңның 1-бабының 58-тармақшасына сәйкес Электрондық сауда алаңы – бұл электрондық саудаға қатысушыларды инфрақұрылыммен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, олардың арасында жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс.

Шоғырлану коэффициентінің мәндеріне сәйкес зерттелетін қызметтер нарығы дамымаған әрі бәсекелестікпен жоғары шоғырланған.

Нарық субъектілерінің құрамына Қазақстан Республикасында орналасқан бөлшек саудагерлерге ақылы қызмет көрсететін 9 электрондық сауда алаңы кірді.

1) «Kaspi Магазин» ЖШС;

2) «Halyk Finservice» ЖШС (Halyk Market);

3) «Интернет Решения» ЖШҚ (Ozon);

4) «INDEX» ЖШС (Forte Market);

5) «Jusan Mart» ЖШС (Jusan Market);

6) «Купишуз» ЖШҚ (Lamoda);

7) «ИМВБКЗ (Wildberries)» ЖШС;

8) «Amazon»;

9) «AliExpress».

Талдау қорытындысы бойынша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында «Каспи Магазин» ЖШС және «Wildberries» (ИМВБКЗ ЖШС) жиынтық үлесі бойынша 50% - дан астам үстем жағдайға ие екені анықталды.

Талдамамен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/613231?lang=ru