Меню
Страницы
Документы
Контакты
Пресс-центр
Аппарат акима
Деятельность
gov@nitec.kz

Государственное учреждение  «Отдел образования Уйгурского района» объявляет конкурсное назначения на вакантной должности руководителягосударственной организации среднего образования. Конкурс жарияланатын лауазымның атауы: Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «М. Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

«Ұйғыр аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

бос  мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

 

Конкурс жарияланатын лауазымның атауы:

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «М. Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Білім беру ұйымының орналасқан жері, толық атауы: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,  Кетпен ауылы, М. Жалилов көшесі, №11.

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің ««М. Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: Тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері білім беру саласындағы нормативтік  құқықтық актілерге сәйкес  бекітіледі.

Лауазымдық айлықақы мөлшері: 113481 тг – 137595 тг аралығында.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың  қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу  жүйесі туралы» №1193 Қаулысына сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Конкурсқа қатысушылардың құжаттары бойынша біліктілігін бағалауды «Ұйғыр аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, А.Кадыров көшесі, №37 мекен жайы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Конкурстың өтетін нақты күні мен уақыты үміткерлерге қосымша хабарланатын болады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысу үшін берілетін өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

Пошталық мекен-жайы: индексі: 041800, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, А. Кадыров көшесі №37, «Ұйғыр ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы                № 57 бұйрығымен бекітілген конкурстық тағайындау қағидаларының                 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттаманы сандарын бекітутуралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Қосымша ақпараттарды 8 (72778)79-1-24 телефоны немесе gun169@mail.ru   электронды поштасы арқылы алуға болады.

Дата публикации
25 сентября 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК