Меню
Страницы
gov@nitec.kz

"QYZMET LIVE"

"QYZMET LIVE"

Жаңа жоба – «QYZMET LIVE»

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен халықтың қарым-қатынас процесін электрондық форматқа ауыстыру заман талабы болып отыр. Шынында да, халықтың басым көпшілігі қазір әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда және мемлекеттік органдардың міндеті халықпен тиімді өзара іс-қимылды орнату үшін бұл белсенділікті оңтайлы пайдалану құпталады. Көбінесе қызмет алушыларға шынайы, өзекті ақпарат жетіспейді немесе толғандыратын сұрақтарға тез жауап алу мүмкіндігі жоқ.

Осыған байланысты, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «QYZMET LIVE» жобасы іске асуда.

Аудандық әкімдік әлеуметтік желілер арқылы халықты алдын ала хабардар ете отырып, әр аптада бейсенбі күні ішкі бақылау қызметтерімен арнайы бекітілген кестеге аудан әкімі аппаратының басшысы және мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басшыларының фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «тікелей эфирге» шығуда.

Жобаның негізгі мақсаты-халықпен кедергісіз байланыс орнату, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ашықтық және есептілік қағидаттарын іске асыру, мемлекет пен халық арасында сындарлы қоғамдық диалог орнату.

Бұл жоба қызмет берушілердің әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға, мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызметтерден басқа да мәселелер бойынша қоғаммен кері байланыс орнатуға бағытталған.

Сонымен қатар, аталған жоба халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың оң бағалануына ықпал етеді.

Бүгінгі күні «QYZMET LIVE» жобасы шеңберінде  аудандар әкімінің әлеуметтік желісінде ( инстаграм) 3400 жазылушыны қамти отырып, қызмет көрсетуші органдармен 8 тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында қызмет алушылардың 324 сұрағына тиісті жауаптар берілді. Аудандық газет беттерінде аталған жоба бойынша мақалалар жарияланды.

Аталған жоба республикада бірінші болып іске асырылып жатыр және халық арасында оң пікір туғызып, қызмет алушылар арасында үлкен қолдау табуда.

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК