Меню
Страницы

Проведена разъяснительная работа среди сотрудников Управления по профилактике коррупционных фактов

Проведена разъяснительная работа среди сотрудников Управления по профилактике коррупционных фактов

Хаттама

«Жетісу облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі

 

Талдықорған қ.                                                                        02 желтоқсан 2024 жыл

 

Төрағалық етті:

«Жетісу облыстық құрылыс басқармасы» ММ басшысы Т.А.Бектасов

 

Қатысты:

Кабдыбек С.К.

Темербаева Н.Н.

Алимбаева А.А.

Калиев М.Б.

Алтаев А.А.

Кереева Д.Е.

Мусабекова Н.С.

Сабырбекқызы М.

 

Өткізілді:

Түсіндіру жұмыстары «Жетісу облыстық құрылыс басқармасы» ММ басшысының кабинетінде өтті.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде бұзушылықтарды болдырмау жөнінде түсініктеме.

 

Жетісу облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т.Бектасов:

 

Құрметті әріптестер!

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке және жалпы еліміздің дамуына төнген қатер болып табылады. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырады.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының басты қағидаты - бюрократияға, формализмге, біржақтылыққа, жұмыстың имитациялық сипатына және қызметтің жасанды декларативтік элементтеріне жол бермеу. 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодексте және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қарастырылған.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы басым бағыт жазалаушы емес, реттеудің алдын алу шаралары болып айқындалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді алдын алу шараларының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы:

         Қазақстан Республикасы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

         Яғни, ішкі талдау арқылы құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік беретін тетіктер мен тәсілдер анықталады.

         Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

         1) Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         2) талдау объектілерінің  қызметін қозғайтын ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге мамандар, сарапшылар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзгеде субъектілері (қоғам белсенділері, ҮЕҰ және т.б.) тартылуы мүмкін.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдау объектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібі "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 

         Қорытынды:

  1. Хаттама тапсырмаларының орындалуын талдау барысында тапсырған шараларды атқару бойынша жұмысқа тиянақты қарап, тиісті ақпарат уақытылы және сапалы бөлім басшыларымен орындалсын.
  2. Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері және еңбек шарты негізіндегі қызметкерлері мемлекеттік шеутеулерді қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріністеріне жол бермеу.

 

 

        

         Басшысы                                                                                  Бектасов Т.А.

 

 

         Хатшы:

         бас маман (заңгер)                                                                  Темірханқызы Ә.

 

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК