Алматы облысының ішкі саясат басқармасы облыс аумағында ішкі саясат саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады. Басқарма қызметінің негізгі мақсаты-облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қолдау. Мекеменің қарамағына облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялардың, ұлттық-мәдени бірлестіктердің, құқық қорғау, діни, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер кіреді. Сондай-ақ басқармаға жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, оны өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау, сондай-ақ облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру функциялары жүктелген.
Мекен жайы | Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28 |
Анықтама | +7 (7282) 41 22 12 |
Сенім телефоны | +7(7282) 41 22 12 |
Баспасөз қызметі | +7(7282) 41 22 12 |
g.maupasheva@zhetysu.gov.kz |