«Жерұйық» бағдарламасы

«Жерұйық» бағдарламасы

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамасы, тұрғын үй мәселесін тиімді шешу мақсатында әлеуметтік тұрғын үй салуға өңірлік бағдарлама әзірленгенін хабарлайды. Ауыл мамандарын қолдауға арналған «Жерұйық» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына 2025 жылы 10-20 ақпан аралығында құжаттар қабылданады.

Аталған бағдарлама аудандық, ауылдық округтер тұрғындары, аграрлық сектор қызметкерлері, аудан әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген және білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы шарттары: Бастапқы жарна 10%, қарыз соммасы 15,0 млн. теңге, сыйақы мөлшері - 5%. Соңғы 5 жылда иелігінде тұрғын үй болмауы және міндетті зейнетақы жарналарымен расталған соңғы жұмыс орнында    6 ай еңбек өтілінің болуы.

Құжаттар Сарқан қаласы, Тынышбаев №8, «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»   мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

 

 

Программа «Жерұйық»
Дата публикации
07 февраля 2025