
Жалпыұлттық референдум аясында ауданымыздағы ақсақал, әжелеріміз және қоғамдық ұйым өкілдері мен коалиция мүшелерімен кездесу өткіздім. Референдум басталған сәтте аудандық
Жалпыұлттық коалициясы құрылған болатын. Коалиция құрамында 42 адам 5 жұмыс тобына бөлініп, ауданымыздағы елді мекендерді аралап, Конституция бойынша жаңа өзгерістерді түсіндіруде.
Бүгінгі кездесу осы жұмыстың жалғасы ретінде үлкен кісілерді тыңдайық деп бас қостық. Біз референдум аясындағы жұмысты саяси науқан ретінде ғана емес, азаматтық жауапкершілік миссиясы ретінде қарастырамыз. Өйткені Конституция – бұл жай ғана құқықтық құжат емес, бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы сенім шарты.
Жиында Атазаңымыздағы тармақтар мен баптарға және ондағы мәтіндерге тоқталып, пікір алмастық. Жаңа құжатта бірлік пен келісім, егемендік, заң мен тәртіп сияқты құндылықтарға басым бағыт берген. Сондай-ақ цифрландыру, зияткерлік меншік, адвокатура қызметі және мемлекеттік басқарудың жаңа институттары туралы қамтылған.
Жиынға қатысушылар ауданымыздағы белді, көпке сөзі жүретін белсенді азаматтар. Ол кісілерге той-томалақ, ауыз ашар сынды бас қосуларда мемлекетіміздің маңызды қадамы референдум бойынша ақпараттар айта жүруді, дауыс беруде белсенділік танытуға шақыруды жеткіздім.