Меню
Страницы

Встреча акима района с населением в Сарыбельского сельского округа

Встреча акима района с населением в Сарыбельского сельского округа

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесу жоспары бойынша Сарыбел ауылдық округінде кездесу өтті.

Кездесуде ауыл азаматтары әлеуметтік және инфрақұрылым бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Біразы өткен жылы да көтерілген мәселелер болатын. Аудан басшысы осы мәселе бойынша биыл шешімін таппаса да  жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

 "Мәселен, Садыр ауылына жаңа мектеп қажет екенін округ тұрғындары біледі. Жиын сайын, облыстан,  министрліктен келген барлық басшылыққа мәселелерді жеткізіп көтеріп отырамыз. Ауылға мектеп салу үшін әуелгі жобалық-сметалық құжатына 17,5 млн.теңге қаражатты алдық. Қазір құжаттары толық жасалып, сараптамаға жіберілсе мектеп салуға қаржы бөлінеді.  Осының бәріне әрине уақыт қажет. 30 жылдан бері тұрған ескі нысандарды жаңартуға құжаттама мен қаражат мәселесі бойынша уақыт талап ететіні сөзсіз" деді әкім кездесуде.

"Сол сияқты Тұрпан, Садыр ауылдарына блокты-модульды кешен салу жоспарлануда. Сарыбел ауылындағы амбулаторияға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір бұл округке бір дәрігер табылмай отыр. Шынын айту керек аудан бойынша бізге түрлі бағыттағы 22 дәрігер қажет. Бос штаттарға мамандық таба алмай кей ауылдарда дәрігерлердің қызмет көрсетуіне жұрт шағым жасауда. Сонымен қатар, Сарыбел ауылына қаладан шыға беріс аумақтағы 4 шақырым жолдың нашар екенін білесіздер. Осы бойынша орташа жөндеуге  97,2 млн.теңге бөлінді" деп атап өтті аудан басшысы Марат Сағымбек.

Жиында тұрғындар Сарыбел ауылындағы шағын орталықты балабақшаға ауыстыруды ұсынды. Ол мәселені әкім тиісті басшылыққа тапсырып, шешімі табылатынын жеткізді.

 

Социальные медиа
• Facebook
• Instagram
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК