
Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының
№ 8 хаттамасы
Мұқыры ауылы 07 сәуір 2025 жыл
Жиын төрағасы: К.Кибаев
Жиын хатшысы: А.Тұрысбекова
Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны: 3 адам
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері: 20 көше тұрғындары (тізімі қоса тіркеледі)
(тұрғындардың тегі,аты және қойған қолы анық болуы шарт).
Күн тәртібінде :
Мұқыры ауылы Жаңа көше 2 көшеге «Рахметолла Толқымбекұлы» есемін беру туралы.
Кіріспе сөзбен, Мұқыры ауылдық округі әкімі Ж.Жумагулов ашты. Әкім өз сөзінде, Мұқыры ауылында Жаңа көше 2 көшесі берілді, қазір онда 24 шақты тұрғын үй орналасқан және биылғы жылы 3 тұрғын үй қолданысқа берілді. Сол себепті тұрғындардың барлығын шақырып отырмыз. Мұқыры ауылы Жаңа көшеге «Рахметолла Толқымбекұлы» атауын беру туралы ұсыныс түсті.
Шығып сөйлеушілер:
Ж.Жолдыбаев- ақсақалдар алқасының төрағасы
Толқымбеков Рахметолла Толқымбекұлы 1914 жылы Мұқыры ауылында туған. 1920 жылы мектеп табалдырығын аттады. Алматыдағы жоғары дәрежелі ауыл- шаруашылық мектебін және Абай атындағы педогогикалық институтының тарих факультетін бітірді.
Калинин атындағы колхоз басқармасында хатшы, Мұқыры МТС-інде есепші, ауылдық кеңестің хатшысы болып істеді. 1937 жылы «Х жылдық Қазақстан» мектебінде мұғалім, 1938-1942 жылдары Мұқаншы, Жарлыөзек орта мектептерінде директорлық қызмет атқарды.
1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылы Киров (Көксу) аудандық оқу бөлімінің меңгерушілігі қызметіне бекітілді. 1946-1949 жылдары аралығында аудандық «Кировшы» газетінің редакторы, 1950 жылдың басында қайтадан аудандық оқу бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалды. 1953-1960 жылдары Талапты және Бесқайнар жеті жылдық мектептерінің директоры болды.
1960-1964 жылдары арасында Мұқырыдағы Карл-Маркс атындағы колхоз басқармасының төрағасы, 1964-1980 жылдары Мұқыры орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
1979 жылы 65 жасында зейнеткерлік демалысқа шықты. 1980-1987 жылдары аралығында Карл-Маркс атындағы колхозда және Көксу аудандық статистика бөлімінде инспекторлық кадр жөнінде инспекторлық қызмет атқарды. «Жалайыр он екі ата» шежіре кітабының және «Өреңдерім өмірімнің жалғасы» атты кітаптарының авторы. 50 жыл бойы мектептерде оқушыларға дәріс берді.
Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздік қызметкері, Еңбек және соғыс ардагері, Көксу ауданының «Құрметті азаматы». Бірнеше орден медальдармен марапатталған.
Жаңа көше тұрғыны Ильясов Ғалымжан Дүйсебайұлы .
Рахметолла Толқымбекұлы атамыздың өшпес өмір парағы болашақ ұрпақтың мәңгілік естерінде сақталса екен. Сол себепті көшеге «Рахметолла Толқымбекұлы» есемін беруге қарсылығымыз жоқ.
Жаңа көше тұрғыны М.Демеубаева :
Көшеге атауы берілген жоқ, сол себепті ұсынысты қабылдаймыз. «Рахметолла Толқымбекұлы» есімін беруге қарсылығымыз жоқ.
Жаңа көше тұрғыны З.Азимбаева
Мен Жаңа көше тұрғыны ретінде бұл ұсынысты қолдаймын, көшемізге «Рахметолла Толқымбекұлы» есімі берілсін.
Мұқыры ауылдық округі әкімі Ж.Жумагулов.
Жиналысты қорытылай келе дауысқа салынды.
Қарсы, қалыс жоқ.
Барлығы 20 адам айтылған шешімге дауыс беріп қолдады.
Шешім қабылдады:
Төрағасы: К.Кибаев
Хатшысы: А.Тұрысбекова
Қосымша
Қатысушылардың тізімі :
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының төрағасы : К.Кибаев
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хатшысы: А.Тұрысбекова