Меню

Управление экономики и бюджетного планирования Алматинской области

Государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере стратегического, экономического и бюджетного планирования в соответствии с законодательством Республики Казахстан на территории Алматинской области.

Адрес 040000, г. Талдыкорган, проспект Н.Назарбаева 38
Телефон приемной службы +7 (7282) 24-72-00
Email zh.amirhanov@zhetysu.gov.kz
1
Страницы
Об управлении
Деятельность
Документы
Контакты
Пресс-центр
gov@nitec.kz

Алматы облысында «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы мақала

Алматы облысында «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы мақала

Облыста 742 елді мекен бар, оның ішінде 10 қала және 732 ауылдық елді мекен.

Қалалар мен ауылдардың халқын базалық мемлекеттік және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін өңірлік стандарттар жүйесі әзірленіп, ол 2019 жылғы 26 сәуірдегі "Елді мекендерге арналған Өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" № 18592 орталық мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілді.

Өңірлік стандарттар жүйесініңқалалық жерлер үшін барлық қалалардағы халқы «20 минуттық қадамдық қолжетімділігі» қағидаты бойынша объектілермен және көрсетілетін  қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі, ал ауылдық жерлер үшін - ауылдарды дамыту перспективасы негізінде (аудан орталықтары, ауылдық округтердің орталықтары, халық саны аз қалған ауылдар) объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі қағидаттары болып табылады.

Осылайша аудан орталықтары үшін объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі 32 атаудан, ауылдық округтердің орталықтары – 23, қалған ауылдар – 11, ал қаладағы жоспарлау секторы үшін – 51 атаудан тұрады.

Ағымдағы жылы елді мекендерде объектілер мен қызметтердің бар-жоғы және олардың қолданыстағы салалық нормативтерге сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттары № 81 бұйрығымен бекітілді.

Осы өлшемшарттарда «Халық» ауылдық елді мекендерінің басымдығын бағалаудың неғұрлым маңызды параметрі ретінде қарастырылады. Халық санын бағалау соңғы 10 жылда жүргізіледі.

Барлық 732 ауылдық елді мекен 374 ауылдық кластерге біріктірілді. Оның ішінде басым кластерлерге 151-і жатқызылды, онда ең ірі ауыл жақын орналасқан ауылдар үшін орталық және тірек болып табылады.

Осылайша, 2024 жылға дейін өңірлік стандарттар барлық 457 басым ауылдарда енгізілетін болады, оның ішінде 151 - тірек, 293 - спутниктік және 
13-шекаралық.

Елбасының 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру басталды. Жобаның негізгі мақсаты - ауылда өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.

Жобаны іске асыру тірек ауылдық елді мекендерде ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ спутниктік ауылдық елді мекендер үшін мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы ірі елді мекендерге тірек жасалды – халық саны көп  аудан орталықтарына.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде 7 аудан орталығын қамтитын Жансүгіров, Бақанас, Қарабұлақ, Ұзынағаш, Сарыөзек, Балпық би, Шонжы ауылдарында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу бойынша 44 жоба жүзеге асырылуда.

4 дене шынықтыру-сауықтыру кешен құрылысы, 2 аудандық орталық аурухана, 6 білім беру нысаны, 32 сумен, жылумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру және кент ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 6,5 млрд.теңге бөлінді.

1 қазанына Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Орталық скверге жөндеу жұмыстары, спорт алаңын жайластыру, жолдарды жөндеу бойынша жұмыстары аяқталды, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы сумен жабдықтау жүйелері, Д. Қонаев ат. мектептің,  Актиын", "Балдырған" балабақшалардың ғимараттары жөнделді.

Жыл соңына дейін тағы 28 нысан аяқталатын болады.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру, жалпы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді, сол арқылы халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етеді және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

 

Алматы облысының экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасы

Дата публикации
25 October 2019
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
instagram
Меню подвал
Цели устойчивого развития
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Виртуальная Приемная
Государственные символы РК
Сайт Парламента РК
Открытое Правительство
Законодательство
Структура Правительства РК