Меню
Страницы

«Тәтті түбір – және оны өсіру технологиясы мен аталған дақылды зиянды организмдерден қорғау схемасы»

«Тәтті түбір – және оны өсіру технологиясы мен аталған дақылды зиянды организмдерден қорғау схемасы»

Ақсу ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.Қант қызылшасын өсіруді оңтайландырып,өнімділікті арттыруға айрықша көңіл бөлініп отыр.

Бүгін Б.Сырттанов ауылында «Әлихан»  шаруа қожалығында «Тәтті түбір – және оны өсіру технологиясы мен аталған дақылды зиянды организмдерден қорғау схемасы» тақырыбында Дала күні өтті.Айтулы шара «Август – Қазақстан» ЖШС ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

Шаруаларға қатысты арнайы ұйымдастырылған шараға қатысқан,Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Кененбаев Нұрдаулет Сағадиұлы Жетісу облысында шаруаларды қолдауға баса көңіл бөлінуде,осы жылы облыс әкімдігінің қолдауымен шаруаларға арзандатылған дизель отынын алуға , қант қызылшасының тұқымын алуға көмек көрсетіліп,қант зауыты тарапынан көктемгі дала жұмыстарына гектарына 100 мың теңгеден қаражат берілді.

Ұйымдастырушылар «Август – Қазақстан»  ЖШС «Әлихан» шаруа қожалығындағы қант қызылшасы алқабында өз өнімдерімен  жүргізген тәжірибелерімен бөлісіп,алқабқа қолданылып жатқан препараттардың нәтижелеріне тоқталды.Арнайы мамандар тәтті түбірді өсіру кезінде қанша тыңайтқыш қолдану керектігі,қай кезеңде қандай препарат шашу қажеттігі жайлы ақпарат берді.

Сонымен қатар шара барысында «Август – Қазақстан»  ЖШС серіктестері «СТ AGRO» өкілдері өз техникаларынан көрме қойды.Қант қызылшасын өсіруде қолданылатын жаңа агрегаттар шаруаларға таныстырылып,жаңа технологияның мүмкіндіктері көрсетілді.

Айта кету керек биылғы жылы Ақсу ауданында 1200 гектар тәтті түбір егілді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК