2025 жылдың 5 желтоқсан күні Арасан ауылдық округінде "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет" халықаралық кампаниясы аясында, жас отбасыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, отбасылық және ерлі-зайыптылықтың жағымды үлгісін дәріптеу, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында ұзақ жыл отасқан жанұялармен сұхбаттасу үшін кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде мамандар отбасылармен ашық сұхбат жүргізіп, көп жылдық тәжірибесі бар отбасылар жас отбасыларға өз үлгісін көрсетіп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.