Еліміз тәуелсіздік алған кезеңдерде саяси және экономикалық зор табыстарға қол жеткізді. Мұнда жергілікті өкілді билік органының да тиісінше үлесі бар.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан саяси-мемлекеттік құрылымның өзіндік үлгісін іздестіре бастады.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен тәуелсіз, егемен мемлекет Ата Заңын қабылдады. Сол жылы ҚР Жоғары Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымдарына айтарлықтай өзгерістер енгізген «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заң қабылдады. Жергілікті өкілетті органдар - мәслихат, жергілікті атқарушы органдар - әкімшілік болып аталды.
Мәслихаттар және әкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атауға біріктірілді. Ұйымдастырушылық жағынан жергілікті органдар бір-бірінен бөлінген, әрқайсысының өкілеттілігі, мәселелер аясы мен өз құзыреті бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды реттеу мақсатында 1994 жылы жергілікті мемлекеттік басқару саласында үлкен өзгерістер болып, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі еліміздің өкілетті органдары – мәслихаттар құрылды.
Республика аумағында сайлау қорытындысы бойынша 1994 жылдың 24 наурызында мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиялары өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 3474 Жарлығымен Шар, Жарма аудандары біріктіріліп, Жарма ауданы болып қайта құрылды. Осыған байланысты біріккен екі ауданның мәслихат депутаттары 1997 жылы 25 шілдеде аудандық мәслихаттың ұйымдастыру сессиясын өткізді.
Мәслихаттардың құзыретiне тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде әкімдері іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту, өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесуҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Телефон | 65-662, 65-637 |
Мекен жайы | Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, кабиент 23 |
zhar-maslihat@mail.ru |