
Жарма аудандық мәслихатының
Кезектен тыс XХХVІ сессия отырысы өтті
Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясының күн тәртібі бойынша – Жарма ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы мәселесі болды.
Сессия барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли ұсынған аудан әкімі лауазымына кандидатура қаралып, депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланды.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Жарма аудандық мәслихатының депутаттары тиісті шешім қабылдап, аудан әкімі лауазымына Берік Серікқанұлы Терлікбаевты тағайындауға келісім берді.
Күн тәртібі негізіндегі мәселе толығымен қаралып тиісті шешімдер қабылданды.