Меню

Страницы

Статья

   2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізілетін көшпелі семинар-тренингтің  БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

         2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізілетін көшпелі семинар-тренингтің 

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

         Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының бекітілген оқыту туралы жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-тренингтер  өткізілуде.

         Қазіргі таңда, комиссия мүшелері қашықтықтан тест тапсырып, сертификат алып жатыр. Облыстық аумақтық, қалалық, аудандық сайлау комиссияларының мүшелері түгел тест тапсырып сертификат алды. Учаскелік сайлау комиссиялары да түгел тапсыруда.

         А.ж. 1 қарашасынан бастап учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту семинары басталды. Жоспарға сәйкес оқыту Тараз қаласынан басталды, 4-17 қараша аралығында оқыту семинары барлық аудандарды қамтитын болады.

         4 – қарашада Жуалы аудандық мәдениет үйінде аудандық және учаскелік сайлау комиссия мүшелері 117 адам оқытылды.

         5 – қарашада  Байзақ ауданында Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде 287 комиссия мүшесі оқытылды.

         «Сайлау процессін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру»,  «Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы», «Азаматтарға тиісті сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайларда сайлаушылар тізімімен таныстыру жұмыстарындағы ерекшеліктер», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар дауыс беруге арналған үй-жайларының, дауыс беру пунктерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу  мүмкіндігі жоқ  осы топтағы азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру», «Сайлаудың  өткізілуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру туралы», «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы» және сайлау күні  сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы тақырыптарда облыстық сайлау комиссиясы мүшелері лекция оқып, семинар-тренинг өткізді.

         Учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен тренингтер, яғни теориялық дәрістермен бірге іскерлік ойындар өткізілуде.

 

 

 

Дата публикации
05 ноября 2022
Дата обновления
05 ноября 2022
Тип
Пресс-релизы

Сейчас читают

Информация для населения
23 апреля 2026
«Облако обмана: хранилище, опустошающее кошельки»
08 апреля 2026
Выборы акимов сельских округов, назначенные на 17 мая 2026 года
Информация
02 апреля 2026
Информация о поступивших обращениях в сфере образования по Жамбылской области за I квартал 2026 года

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК