Облыс әкімінің 2023 жылғы 30 қыркүйекте Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды
іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
19.07.2024 ж жағдай бойынша
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
1 |
Айдарлы ауылындағы №2 және Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау |
2023 жыл қараша |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі |
№ 2 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық құны бойынша 259445,0 мың теңге бөлінген. Сараптамадан өткен күні: 07.06.2021 № ADEL -0012/21 Құрылыстың ұзақтығы 5 ай. Техникалық қадағалау «Әсем құрылыс Қызылорда» ЖШС-мен 7235,1 мың теңгеге № 230096 03.05.2023 жылы келісім шарт жасалынды. Авторлық қадағалау «ПрофСметСтрой» ЖШС-мен 2931,2 мың теңгеге 25.04.2023 жылы № 230081 келісім шарт жасалынды. Мектеп бойынша жөндеу жұмыстарын ұтып алған мердігер «DaurenBuild» ЖШС. Келісім шарт бойынша қаржы көлемі 235 715,769 мың теңге. Бүгінгі таңда мектеп құрылысы 100 % аяқталып, мектепке жаңа жиһаздар құрастырылып орнатылды. Қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде.
Қ.Рысқұлбеков орта мектеп: Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылындағы «Қ.Рысқұлбеков» атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық құны бойынша 325952,0 мың теңге бөлінген. 25.04.2023 жылы мектеп бойынша жөндеу жұмыстарына мердігер «DaurenBuild» ЖШС-і жеңімпаз болып, аудандық білім бөлімімен 296 167,195 мың теңге қаражатқа келісім шарт жасаған. 25.04.2023 жылы техникалық қадағалаушы ретінде «Қабылан эксперт» ЖШС-мен (9090,6 мың теңге), авторлық қадағалаушы «ПрофСметСтрой» ЖШС-мен (3657,5 мың теңге) келісім шарттар жасалынған. 19.01.2021 жылы № QKZ-0002/21 сараптамадан өткен, құрылыстың ұзақтығы 6 ай (аяқталуы 30 желтоқсан 2023 жыл). Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет құрылысты бақылау басқармасының келісімімен №2 29.09.2023 жылғы хаттамаға сәйкес календарлық кестеге өзгерістер енгізіп мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың 30-желтоқсанға дейін ұзартылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 90% орындалды. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ
|
2 |
Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу |
2024 жыл 1 сәуір |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі |
Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу және сараптамадан өткізу үшін 5 млн. 964 мың теңге қаржыға сұраныс берілген. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланып жеңімпаз анықталмауына байланысты конкурсқа құжаттар қайта жарияланып, 15.06.2024 жылы Өскемен қаласынан «Кербулак» ЖШС құрылыс компаниясы 5 954 219,71 теңгеге жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда мердігермен келісім шарт рәсімделіп, күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуде. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ |
3 |
Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі |
Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу бойынша «Ұлттық кеңістік деректер қоры» филиалының тарапынан топографиялық карталарға нақты орындары белгіленіп, түзету жұмыстары жүргізілді. ОРЫНДАЛДЫ |
4 |
Көкжелек ауылында «Beeline» байланыс операторымен ұялы байланысты күшейту бойынша келіссөздер жүргізу |
2023 жыл 15 қараша |
Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі |
Көкжелек ауылында «Beeline» ұялы байланысы және «4G» интернет жылдамығымен толық қамтамасыз етілді. ОРЫНДАЛДЫ |
5 |
Аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың
1-кезеңіне жоспарланған қаражаттың қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау |
2024 жыл |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Аудандық газ құбырлары жобасының 1 кезеңі 68,5 шақырым болатын трасса құбыры (Айдарлы, Бірлік, Биназар) жобалық құны 18 512 218,86 мың теңгені құрады. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы №19-0148/22 02.05.2023 жылы алынды. Аталған жобаны қаржыландыру бойынша өтінім беріліп, «Инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды» алынды. Республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың 1-кезеңіне жоспарланған 2600,0 млн. теңге қаржы қарастырылды. ОРЫНДАЛДЫ |
6 |
Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының бойын сексеуілден тазалау |
2024 жылдың 1-тоқсаны |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының жиегіндегі көпжылдық сексеуіл ағаштарын жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында, тазарту қажеттілігі жөнінде салалық басқармаға ұсыныс жолданған. Жамбыл облысының прокуратурасының 25.05.2023 жылғы №2-0723-05715 хатына сәйкес, облыстық маңызы бар автомобиль жолының екі жиегінде өсіп тұрған жабайы сексеуілдер мемлекеттік орман қоры учаскелеріне тиесілі болуына және ҚР мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл ағашы қызыл кітапқа енуіне байланысты, барлық сексеуіл ағашын кесуге тыйым салынған. ОРЫНДАЛДЫ |
7 |
Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, жол картасына сәйкес құрылысын жүргізу |
2024 жылы ЖСҚ әзірлеу, 2025 жылы құрылысын салу |
Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасның 16.04.2024 жылғы шығыс №3-605 санды хатына сәйкес 2028-2030 жылдар аралығында келісім берілген. Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттар бір жылға жарамды. Сол себептен жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу 2027 жылға жоспарлануда. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ |
8 |
Күшаман ауылдық округі аумағындағы жерлерінің жергілікті тұрғындардың пайдалану (үлесі) көрсеткіштеріне талдау жасап, ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу |
2023 жыл 20 қараша |
Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы (жинақтау), Мойынқұм ауданының әкімі |
Қызылотау ауылдық округіне тиесілі жердің жалпы көлемі 107547,7 гектар, оның ішінде: ауылшаруашылығындағы жерлер 24 932,11 гектар, елді мекендердің жерлері 2 272 гектар, орман жер қоры 42 679,7 гектар, су қорының жері 89,7 гектар, босалқы жерлер 37 574,21 гектар. 2022 жылы 4 конкурс ұйымдастырылып, Онда 117 жер теліміне, жалпы жер көлемі 27083,1068 гектар, суармалы егістік 606,4389 гектар, жайылымы 25493,4457 гектар, шабындығы 983,2222 гектарға құжаттары қабылданып, жер телімдері берілді. Осы конкурста Қызылотау ауылдық округінің 4 тұрғынына Амангелді жер қоры жерінен жалпы алаңы 1338,8274 гектар оның ішінде 38,8274 гектар суармалы егістік 1300 гектар жайылымдық 5 жер учаскесі берілді. 2022 жылы босалқы жер қорынан егістік жерлерді қайта айналымға енгізу бойынша Күшаман ауылының 17 тұрғынына бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін Амангелді жер қоры жерінен конкурссыз 1 гектардан жер телімдері берілді. 2023 жылы 3 конкурс ұйымдастырылып, Онда 58 жер теліміне, жалпы жер көлемі 16805,5125 гектар, суармалы егістік 481,0451 гектар, жайылымы 16095,6163 гектар, шабындығы 228,8551 гектарға құжаттары қабылданып, жер телімдері берілді. Осы конкурста Қызылотау ауылдық округінің 2 тұрғынына Амангелді жер қоры жерінен жалпы алаңы 1973,0 гектар жайылымдық 3 жер учаскесі берілді. Елді мекендердегі жайылым жерлерді кеңейту мәселесі бойынша Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтеріне 2000 гектардан, барлығы 4000 гектар жайылым жерлерді елді мекен жерлеріне қосу жұмыстары жоспарланып, аудандық бюджетке сұраныс енгізілді. 2024 жылдың 2 жартыжылдығында қаржы қарастыру жоспарлануда. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ
|
9 |
Күшаман ауылындағы Амангелді Иманов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу |
2024 жылдың 1-тоқсаны |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Күшаман ауылындағы Амангелді Иманов атындағы шағын орталықты орта мектебінің шатырындағы жарамсыз бөлігін ауыстыру жұмыстары бойынша облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, 1 млн. 800 мың қаражат қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, нәтижесінде 1 млн. 200 мың теңгеге жеңімпаз ЖК «Сито» анықталды. Бүгінгі таңға шатырды жабу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айында. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ |
10 |
Ағын су тапшылығына байланысты Бірлік ауылы «Байбарақ-Агро» АШК ұжымының сұранысына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасы аясында алынған несиелердің төлем мерзімін ұзартуды қарастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
«Тараз ӘКК» АҚ басқарушы компаниясы (келісім бойынша) |
Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құрылған «Байбарақ Агро» ауылшаруашылық кооперативі техникаларына төлем мерзімін ағын судың тапшы болуына байланысты қосымша 1-жыл жеңілдік (каникул) мерзімін ұзарту туралы сұранысына сәйкес, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқарамасының басшысы Н.Жігітековке шығыс №8-1-228, 16.10.2023 жылы ұсыныс хат жолданып, сұранысы қанағаттандырылды. Яғни қосымша 1-жылға жеңілдік (каникул) уақытын ұзартты. ОРЫНДАЛДЫ
|
11 |
Күшаман ауылының ветеринарлық пунктіне жаңа қызметтік көлік алу мүмкіндігін қарастыру |
2024 жылдың 1-тоқсаны |
Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы |
Облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің 2023 жылдың 31 қазанындағы «Жамбыл облысының ветеринария саласындағы кейбір заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы» №213 Қаулысына сәйкес, орталықтандырылған облыстық ветеринариялық станциясының құрылуына байланысты, кәсіпорынның шығындарын қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүргізілетіндігін хабарлайды. Ветеринария басқармасының Жамбыл облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖК КМК Мойынқұм аудандық ветеринариялық бөлімі теңгерімінде қазіргі уақытта 25 дана қызметтік автокөліктер бар, оның ішінде 19 дана НИВА автокөліктері 2013 жылы берілгендіктен тозығы жетіп (кейбірі жарамсыз), қайта жаңартуды қажет етеді. Бүгінгі таңда облыстық бюджет есебінен 1 бірлік УАЗ 236324 (Стандарт) автокөлігі берілді. Осыған байланысты аудан аумағындағы ветеринариялық пункттердің қызметтік көліктерін жаңарту мақсатында басқарма тарапынан жасалған ветеринария саласын материалдық-техникалық жабдықтаудың 3 (үш) жылдық жоспарына ұсынылған, яғни бюджет қаражатының бөлінуіне қарай шешілетін болады. ОРЫНДАЛМАДЫ
|
12 |
Жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасына орнатылған трансформаторды, аудандық электр желілері мекемесі арқылы іске қосуға қолдау көрсету |
2024 жыл 1 наурыз |
Мойынқұм ауданының әкімі, аудандық электр желілері мекемесі (келісім бойынша) |
Зерделеу барысында жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасында орнатылған трансформатор жоқ екендігі анықталды. Заң талаптарына сәйкес жеке тұлғаларды трансформатормен қамтамасыз ету қарастырылмаған. ОРЫНДАЛДЫ |
13 |
Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2024 жыл 20 наурыз |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттары әзірлерді. ЖСҚ құны 8 млн. 200 мың теңгені құрайды. 2024 жылдың 2 жартыжылдығында үнемделген қаржы есебінен қаражат қарастыру жоспарлануда. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ |
14 |
Күшаман ауылына кіре берісіндегі автомобиль жолына жүргізілген жөндеу жұмыстарында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру |
2023 жылдың соңына дейін |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Күшаман ауылына кіре беріс автомобиль жолындағы кемшіліктер «АлКонСер ЛТД» ЖШС-гі тарапынан толығымен қалпына келтірілді. ОРЫНДАЛДЫ
|
15 |
Күшаман ауылы ауыз су жүйесіне жаңа су сүзгіш (мембрана) қондырғы орнату |
2024 жыл 20 ақпан |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Күшаман ауылында ауыз су жүйесіне су сүзгіш (мембрана) қондырғысын орнату үшін, ауыз су сынамалары алынып, 13.03.2023 жылғы №2230001011041846 хаттамасының қорытындысына сәйкес ауыз су ішуге жарамды, су сүзгіш қажет етпейтіндігі анықталды. ОРЫНДАЛДЫ |
16 |
Көмір бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Бөлім тарапынан Мойынқұм ауданы бойынша көмір бағасы негізсіз қымбаттау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында Мойынқұм ауданы аумағында көмір түсіретін темір жол тұйығы жоқ болуына байланысты, көршілес Шу ауданының кәсіпкерлік субъектілері Мойынқұм ауданына «Шұбаркөл», «Қаражыра» тас көмірлерін Шу қаласында орналасқан темір жол тұйығынан тоннасы 21000-22000 тенгеден тасып алынып Мойынқұм ауданына (жол шығындары, жанар-жағар май шығындары, салық шығындары, жұмыс күші шығындарын қоса алғанда) тоннасы 27000-28000 теңге аралығында аудан тұрғындарына өткеретіндігі анықталды. Шу ауданының кәсіпкерлеріне көмір бағасын қыстық жылыту маусымында негізсіз көтермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ОРЫНДАЛДЫ |
17 |
Күшаман ауылы тұрғындарына жедел жәрдем қызметінің уақытында көрсетілуін қамтамасыз ету |
2023 жылдың соңына дейін
|
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
Аудан бойынша дәрігерлік амбулаториялар бірнеше елді мекендерді біріктіре отырып құрылған. Себебі дәрігерлік амбулатория құрылуы үшін халық саны 1650-ден асуы қажет. (Күшаман ауылының халық саны – 651) Күшаман, Көкжелек және А.Назарбеков ауылдары Көкжелек дәрігерлік амбулатория құрамына кіретін болғандықтан, осы елді мекендегі жауапты фельдшерге жүгінеді. ОРЫНДАЛДЫ |
18 |
Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын қаржыландыру үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың мерзімінде қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау |
2024 жыл |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
«Радай» өзеніндегі көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын жобалаушы болып «Лидер Проект Дизайн» ЖШС-гі анықталып, жобалық-сметалық құны 626,4 млн теңгені құрады. Мемлекеттік сараптамадан №19-0390/21, 27.09.2021 жылы оң қорытындысы шығып, жобаны қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім ұсынылған. 2024 жылы Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын жүргізу үшін жоба құны 626 млн теңге, ( 555,5 млн. (ҰҚ-400,0 млн, ОБ-100,0 млн. АБ-55,5 млн) теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс жарияланды. 512,5 млн теңгеге жеңімпаз «ЖБИ-С» ЖШС анықталып, келісім шарт жасалды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталған. ОРЫНДАЛДЫ |
19 |
№8 Мойынқұм колледжінің аттестатаудан өтуі және оның материалдық-техникалық базасын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, колледж аумағындағы жатақхана ғимаратын мекеменің теңгеріміне өткізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, (жинақтау) Мойынқұм ауданының әкімі |
№8 Мойынқұм колледжі ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің №258 бұйрығына сәйкес аттестатталған. Колледж аумағындағы жатақхана ғимаратында тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 5 - отбасы тұруда. Бүгінгі таңға Мойынқұм ауылында 2 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Колледж аумағындағы жатақхана ғимаратында тұрып жатқан 5-отбасыны сол үйлермен қамтамасыз етіп, жатақхананы №8 Мойынқұм колледж теңгеріміне 2024 жылдың 2 жартыжылдығында өткізу жұмыстары жүргізілетін болады. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ |