Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында
айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1. |
Қаратау қаласындағы саябақтарды ретке келтіру бойынша талдап («Рухани Жаңғыру» және Орталық саябақ), мәселесін шешу |
2024 жылғы шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2. |
Аудандағы жөндеуді қажет ететін каналдарды ретке келтіру бойынша ұсыныс енгізу (Бостандық а/о «Ұзын», «ЛВМК Жиембет», «Қыдыр», «Көккөл», «Әбіш» каналдарыы, Аққұм а/о «ПВМК Жиембет», «Аққұм» каналдары, С.Шәкіров а/о «Шаруашылық», «Қазақбай», «Жұмабек» каналдары, Ойық а/о «ЛВМК Ойық», «МЛР» каналдары, Ақкөл а/о «Орта арық», «Жаңатоған» каналдары)
|
2024 жылғы қараша |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, «Казсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
3. |
Аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сін жеке ғимаратпен қамтамасыз ету
|
2024 жылғы қыркүйек |
Талас ауданының әкімі |
4. |
Ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды бақылауда ұстау және ірі инвестициялық жобалар тарту |
тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
5. |
Қаратау қаласындағы үй кезегінде тұрған азаматтардың өз кезегімен үй алуын және кезек санын азайтуды тұрақты бақылауда ұстау |
тұрақты |
Талас ауданының әкімі |
6. |
Ағымдағы жылға жопарланған аудандағы елді мекендерді ауыз су (Сейілбек,Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары) және табиғи газбен қамтамасыз етуді (Берікқара, Қасқабұлақ, Қаратау, Көктал а/о) мерзімімен жүргізу
|
тұрақты 2024-2025 ж.ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
7. |
Қаратау қаласы, А.Шымырұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2024 жылғы желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
8. |
Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы көшесін жарықтандыру мәселесін шешу |
2024 жылғы желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
9. |
Қаратау қаласындағы ескі «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу мәселесін қарастыру
|
2025 жыл желтоқсан |
Талас ауданының әкімі
|
10. |
Қаратау қаласындағы көппәтерлі ғимараттардың алдын жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
|
2024 жылғы қыркүйек |
Талас ауданының әкімі |
11. |
Тамды ауылындағы Қойгелді атындағы орта мектептегі жарамсыз тұрған екі спорт залының мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу |
2024 жылғы маусым |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
12. |
Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлерінің жетіспеушілік мәселесін «Дипломмен ауылға» жобасы аясында шешу бағытында жұмыстар жүргізу |
тұрақты |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
13. |
Малдарға егілетін екпелердің (сібір жарасы, конго-кырым т.б.) мерзімінде егілуін, «Беккер» шұңқырының жетіспеушілігін шешуді қамтамасыз ету |
тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринариялық басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
14. |
Шаруа қожалықтармен кездесіп, ағын су, тыңайтқыш, субсидия мәселесін шешуді қарастыру |
2024 жылғы |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
15. |
Үшарал ауылдық округіне қарасты Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды (11 шқ, ЖСҚ әзірленген) жөндеу мәселесін қарастыру |
2025 жылғы сәуір |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
16. |
Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына демеушілер есебінен қоймалар соғып беру мәселесін қарастыру
|
2024 жылғы шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі |
17. |
Қаратау қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын арнайы көлікпен қамтамасыз ету
|
2024 жылғы қараша |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі |
18. |
Қаратау қаласындағы колледждерде ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары тапшылығын зерделеп, ақпарат ұсыну |
2024 жылғы маусым |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
19. |
Әлеуметтік және денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын қадағалау |
тұрақты |
Талас ауданының әкімі |