Жамбыл облысы әкімінің Шу ауданы, Шу қаласы және Көкқайнар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындалуы туралы
Берілген тапсырмалардың барлығы: 21
Оның ішінде:
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
4 |
5 |
|
|
1. |
Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру
|
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Шу ауданының әкімі |
«Ұлттық жоба» аясында Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру бойынша – қайтарымсыз грантқа (400 АЕК немесе 1 380 000 тг) жалпы 138,0 млн тг қаражат бөлініп, 4 лек бойынша 25 адамнан 100 адамға грант беру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 1 лек бойынша 217 адамның өтініші қабылданып, құжаттары комиссия отырысына құжаттары рәсімделуде, алайда комиссия отырысында бизнес жобалары мақұлданбаған азаматтарға жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларына тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. 2023 жылы 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 пайызбен аудан бойынша 31 жасқа Аграрлық несие корпорациясы арқылы микрокредит беру жоспарлануда. Бүгінгі күнге қала және ауыл жастарына несие алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атаулы әлеуметтік көмекке 3000 адамға 292 млн 770 мың теңге бөлінді Игерілгені – 383 отбасындағы 1968 адамға – 68 млн 231,3 мың теңге. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1077 балаға 58 млн 256 мың теңге қарастырылған, орындалғаны – 332 отбасы, адам – 610 қаржы 9 млн 247,8 мың теңге Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев және тиісті бөлім басшыларымен бірлесе Шу қаласы және 18 ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды |
|
2. |
Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдайтын кәсіпкерлермен келісім-шарт жасап, қоқыстарды белгіленген полигонға шығару жұмысын жүргізу
|
2023 жылғы 30 тамыз |
Шу ауданының әкімі |
Шу қаласы мен алығы Төле ауылына қосымша қоқыс жинау үшін 12 кубтық 4 дана техникамен «Green sity» ЖШС мен Шу сервис ЖШС қызмет көрсетуде. Шу қаласы, Төле би, Қонаев ауылыдық полигонының жұмысын жүйелендіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Шу қаласының полигоны жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға берілді. Яғни жеке инвестор полигонды күтіп ұстап, сонымен қатар қалдықтарды қайту өңдеумен айналысатын болады. Қоқыс жәшіктерін жаңарту мәселесіне де көңіл бөлініп, 30 қарашаға 250 дана қоқыс жәшіктері жеткізіледі. Сондай-ақ, қоқыс жәшіктері тұратын орындарды да кезең кезеңімен ретке келтіру 2024 жылдан бастап жүзеге асырылады. Орындалған.
|
|
3. |
Байланыс операторлармен тиісті жұмыстар жүргізіп, барлық елді мекендердегі интернет жылдамдығы бойынша зерделеу жүргізу |
2023 жылғы мамыр-маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің цифрлы технологиялар басқармасы (жинақтау)
|
Елді мекендердегі интернет жылдамдығын арттыру мақсатында бүгінгі күнге зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде |
|
4. |
Шу қаласы мен Көкқайнар ауылдық округтеріндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жоспарына енгізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС (келісімі бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Шу ауданының электр желілерінің ұзындығы 1459,74 шқ құрайды. Оның 357,7 шқ (тозығы жеткен 0,84%) коммуналдық меншікте, 1099,04 шқ (тозығы жеткен 80%) «Шу аудандық электр желілері» ЖШС меншігінде. Аудан бойынша 638 станциялар бар. «Шу аудандық электр желілері» ЖШС-де 226 (35,4%), коммуналдық мекеме теңгерімінде 155 (24,2%), жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары теңгерімдерінде 257 (40,2%). Жалпы аудандағы станциялар, электр қуатын таратушы желілер мен бағандардың 80% тозығы жетіп отыр. 2022 жылы Шу аудандық электр қуатын тарату мекемесімен Алға ауылдық округіне қарасыты Сауытбек ауылын толық электр қуатын таратушы желілері мен бағандары ауыстырылды. Ағымдағы жылға Алға ауылының 3 көшесінің толық электр қуатын таратушы желілер мен бағандары ауыстырылуда. Алайда елді мекендердің электр желілері мен бағандардың тозығы жетуіне байланысты жылына кемінде 6-7 ауыстыру қажет. Орындалу үстінде |
|
5. |
Шу қаласы мен ауылдық округтерінде МІҚ малының ауруын алдын алу мақсатында, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу |
2023 жылғы 30 тамыз |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудандық ветеринариялық бөлім Шу қаласы және ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына кенеге қарсы дизенфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу, малдың ауруын алдын алу мақсатында, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап Шу қаласы, Алға, Қонаев, Қорағаты, Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтерінің қора-жайлары мен ауыл аумағы кенеге қарсы толық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге ауылдық округтерде эпизоотиялық жағдай тұрақты. Орындалған
|
|
6. |
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдық пилигондарына зерделеу (орналасқан жері елдімекенге қажеттілігіне, қызмет атқаруына, қоршалуына) жүргізу |
2023 жылғы 1 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау)
|
Аудан бойынша 35 елді мекен, оның 21-де полигон және қоқыс тастайтын орындары бар. Полигондардың қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттары бар. 6 полигонда қоршауы бар (Абай, Далақайнар, Жаңақоғам, Көкқайнар және Шу қаласы, Төле би) 15 полигонның (Қонаев, Бірлік, Бәйдібек, Шоқпар, Жаңажол, Белбасар, Еңбекші, Тасөткел, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Ақсу, Оразалы батыр, Алға, Жайсан, Ақтөбе) қоршауы жоқ. Қоршауы жоқ 15 полигонның техникалық құжаттамасына сәйкес айналдыра ені 1 метр тереңдігі 1 метр қазылған. 2024 жылға толық қоршау жоспарлануда. Орындалу үстінде
|
|
7. |
Шу қаласы Батыс мөлтек ауданындағы аяқсыз қалған кәріз жүйесін қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ-ң мемлекеттік сараптамадан өткізу |
2023 жылғы 1 тамыз |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
«Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғырту» нысанының құрылысын жүргізу үшін 839,1 млн теңгеге 2010 жылдың 2 маусымында «Компания Догду Бильд» ЖШС-мен №30 келісім шарт жасалған. Келісім шарт бойынша мердігер 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін нысанды пайдалануға тапсыруы қажет болған. Алайда, аталған мекеме бүгінгі күнге дейін қалған 30%-ды құрайтын құрылыс-монтаждық жұмыстарды аяқсыз қалдырып, міндеттемесін орындамаған. Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды (құны 15,1 млрд). Республикалық бюджетке өтінім берілді. Орындалды |
|
8. |
Шу қаласына жаңа мәдениет үйін салу бойынша ауданның даму жоспарына енгізу мүмкіншілігін қарастыру |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Ақсу, Далақайнар, Ақтөбе, Белбасар және Жаңа жол ауылдарына ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары құрылысының ЖСҚ-сы әзірленген. Бүгінгі күнге Ақсу және Далақайнар ауылдарының ЖСҚ-сының мерзімі өтуге жақын, ал қалған мәдениет үйлері мен клубтарының ЖСҚ-сы қаржылай қолдау таппауына байланысты Шу қалалық мәдениет үйі құрылысна салалық келісімге жолданған жоқ. Орындалу үстінде |
|
9. |
Шу қаласындағы жөндеуді қажет ететін көшелеріне (асфальт төселмеген) ЖСҚ әзірлеу |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Шу қаласында ұзындығы – 204,2 шқ құрайтын барлығы 313 көше бар болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны- 164 көше немесе 52,3%. Биылғы жылға қаланың жолын жөндеуге 462 млн теңге қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 212 млн артық. Бөлінген қаражаттың нәтижесінде ұзындығы 19,7 шқ болатын 24 көше, 3 жаяу жүргіншілер жолы жөнделуде. (Аудандық бюджеттен 252 млн., облыстық бюджеттен 210 млн. қаржы бөлінді). Сонымен қатар келер жылдың жоспарына қала көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге басымдық беріледі. Оның ішінде қалаға кіреберіс Сәтбаев көшесін қайта жаңғырту жұмыстарына биылғы жылы ЖСҚ әзірленіп, 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарлануда. Сондай ақ жобалық құны 488,4 мың теңгені құрайтын 32 көшені асфальттау үшін бүгінгі күнге сметалық құжаттамалары әзірленген. Орындалған. |
|
10. |
Шу қалалық емханасындағы дәрігерлер тапшылығын облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе шешу жолдарын қарастыру
|
2023 жылғы 1 тамыз |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтаьу басқармасы. Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Қажетті мамандықтар бойынша облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне сұраныс берілді. Орындалу үстінде |
|
11. |
Шу қаласы Сейфулин және Сәтпаев көшесі бойындағы 2-қабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу (шатыры, қас беті т.с.с. ) жұмыстарын жүргізу |
2023 жылғы 1 шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 167,0 млн.бөлініп, жөндеу жұмыстарын қажет ететін 9 көп пәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. (Абылайхан №14, 27,6 млн.; Абылайхан №7/3, 15,3 млн., Сәтбаев №203, 8,2 мың.т, Абылайхан №9, 19,1 млн., Абылайхан №14, 20,7млн., Сейфуллин №1, 23,2 млн. Сейфуллин №1/А, 19,1 млн. Сейфуллин №2, 23,0 млн.; Сейфуллин №3, 10,9 млн.) Орындалған. |
|
12. |
Шу қаласындағы табиғи газға қосылмаған көп пәтерлі тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстарын жандандыру |
2023 жылғы 1 шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Ағымдағы жылы Жетісу мөлтек ауданындағы 75 пәтерлі 5 қабатты үйді (35277,0 мың тг.) және С.Сейфуллин көшесі бойындағы СПТУ-24 (29923,0 мын тг.) жатақханасын табиғи газға қосу жұмыстарына 65,2 млн. қарастырылып, а.ж. іске асырылатын болады. Орындалған. |
|
13. |
Жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында Шу қаласының бірінші кезекте қажет ететін магистралдық және ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу |
2023 жылғы 1 тамыз |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Қазандыққа қарасты жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 16,7 шқ (оның ішінде 5,8 магистралды жылу жүйелері, 10,9 ішкі жылу жүйелері). Бүгінгі күнге Шу-Жылу кәсіпорынның өз қаражатынан 17,2 млн. теңгеге жоспарланған 1,7 км жылу құбырлары ауыстырылды. Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні 11,6 – 5,8 шқ жылу жүйелеріне техникалық қорытынды жасалынды. (Мердігері «АлемПроектГрупп» ЖШС. қорытынды нөмірі №12-31-05/04.) Жылу жүйелерінің мемлекеттік сатып алу порталында техникалық қорытындыға сәйкес 4 участкіге бөлініп, анықталған кемшіліктерге ЖСҚ әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 5,0 млн қаражат қарастырылды. Ағымдағы жылдың 20 маусымында баға ұсынысы арқылы мемлекеттік сатып алу порталына беріліп, мердігер анықталды. (мердігер «BSS Group Engineering» ЖШС-гі әр нысанды 890,0 мың теңгеге жеңіп алды) Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленген. Сараптаманың оң қорытындысы алынып энергетика басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Орындалған.
|
|
14. |
Әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасын бақылауда ұстау, қажет болған жағдайда арнайы тексеру жұмыстарын ұйымдастыру
|
Тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 19 түрінің бағаларына мониторинг топ мүшелерімен жыл басынан бері 230 рейдтік зерделеу жұмыстары жүргізілді (Шу қаласы мен 18 ауылдық округке). Орындалған.
|
|
15. |
Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов орта мектебінің еңбек кабинетін арналған техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданы білім бөлімі басшысы Қ.Райымқұлов (жинақтау) |
С.Естемесов орта мектебінің еңбек кабинетіне арналған техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Орындалған.
|
|
16. |
Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданы білім бөлімі басшысы Қ.Райымқұлов (жинақтау) |
Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп бюджеттік өтінім берілді. Орындалу үстінде |
|
17. |
Көкқайнар ауылдық мәдениет үйінің қазандығын газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, Облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Көкқайнар ауылдық мәдениет үйінің қазандығын газға ауыстыру жұмыстарына ЖСҚ дайындауға 3,0 млн теңге қаржы кезекті бюджеттің нақтылауында қаралып, ЖСҚ әзірленеді. Жұмыс 2024 жылы іске асыру көзделуде. Орындалу үстінде |
|
18. |
Ауыл маңындағы ағын су келмейтін суармалы жерлерді жайылым жерге ауыстыру жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу
|
2023 жылғы 1 шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастар басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан әкімдігінің ағын су келмейтін суармалы егістік жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізіп, Көкқайнар ауылдық округінен 182 га су бармайтын суармалы жер анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша облыстық жер қатынастары басқармасымен бірлесе жайылымдық жерге ауыстыру бойынша жер ресурстар комитетіне хат жолданды. Орындалу үстінде |
|
19. |
Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің ағаш терезелерін пластик терезелерге ауысту маселесін қарастырсын |
2023 жылғы 1 тамыз |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданының білім бөлімі (жинақтау) |
Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің ағаш терезелерін пластик терезелерге ауыстырылды. Орындалған. |
|
20. |
Шу қаласының тозығы жеткен мемлекеттік балабақшаларын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын қарастыру |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданының білім бөлімі (жинақтау) |
Облыстың даму жоспарына сәйкес Шу қаласында орналасқан 10 мемлекеттік балабақшаның 2026 жылы 5-не 2027 жылы 5-не күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары қарастырылған.
Орындалу үстінде |
|
21. |
Шу қаласы Қант зауыты мөлтек ауданына спорт сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу
|
2023 жылғы 1 тамыз |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің денешынықтыру әне спорт басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Шу қаласы Қант зауыты мөлтек ауданындағы спорт кешенінің ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Ағымдағы жылы «Қазаөстан халқыны қоры» есебінен Шу қаоласы және Бірлік ауылына ангар типті спорт сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Орындалу үстінде |
|
|
|
||||