2021 жылғы 25 шілдеде Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бес сайлау округі бойынша өтті.

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілдеде Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бес сайлау округі бойынша өтті.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Аса сайлау округі

Аса ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8030 азамат енгізілді, олардың 7224 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 182, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 91.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Калшымбетов Б.К. - 5627; Момбаева Р.Р. - 295;. Темирханов Д.Ш - 1029.

Аса ауылдық округінің әкімі болып Калшымбетов Бауыржан Куттыбаевич сайланды, 1965 жылы туған, Аса ауылдық округінің әкімі, Аса ауылдық округінің Аса ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

 

Ақбастау сайлау округі

Ақбастау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1242 азамат енгізілді, оның 1099 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 27, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дузеева Н.Л. - 922; Тойбекова Д.У. - 141.

Ақбастау ауылдық округінің әкімі болып Дузеева Нурсулу Лутфуллаевна сайланды, 1973 жылы туған, Ақбастау ауылдық округінің әкімі, Ақбастау ауылдық округінің Бірлесу-Еңбек ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясы ұсынған.

 

Ерназар сайлау округі

Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 917 азамат енгізілді, олардың 786 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 29, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 11.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Адилов К.С. - 487; Калдиева С.И. - 23; Ормахаев К.К. - 211; Рысбеков А.М. - 25.

Ерназар ауылдық округінің әкімі болып Адилов Кайрат Сембекович сайланды, 1977 жылы туған, Талас аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, Ерназар ауылдық округінің Ерназар ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясы ұсынған.

 

Жамбыл сайлау округі

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4681 азамат енгізілді, олардың 4229 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 102, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 75.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Садырбаев Б.Д. - 3209; Тунгишева К.М. - 843.

Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Садырбаев Бахыт Джумадилович сайланды, 1961 жылы туған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясы ұсынған.

 

Қаратөбе сайлау округі

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2953 азамат енгізілді, олардың 2206 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Буралкиев М.А. - 15; Омаров А.Ж. - 395; Сагимбеков Г.М. - 1606; Сакиев А.А. - 180.

Қаратөбе ауылдық округінің әкімі болып Сагимбеков Гамзат Мейрамбекович сайланды, 1978 жылы туған, Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы, Қаратөбе ауылдық округінің Бектөбе ауылында тұрады, "Ауыл" ХДПП партиясымен ұсынылған.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Жамбыл ауданының ауыл, ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

 

2021 жылғы 25 шілдеде Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бес сайлау округі бойынша өтті.
Дата публикации
26 июля 2021