Меню

Страницы

Статья

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану туралы мәселелері, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың заңсыз алтын қазуды болдырмау және алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы

Қазіргі таңда жеке және заңды тұлғалардың заңсыз пайдалы қазбаны қазу бойынша бұзушылықтары азаймай тұр.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жолын кесу үшін Жамбыл  облысы бойынша Экология департаменті және жергілікті полиция қызметі басқармасымен іс-шаралар жоспары құрылып, осы бағытта  бірлескен жұмыстар атқарылып келеді.

Дегенмен, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың тосқауылдарына  қарамастан,  жеке және заңды тұлғалардың пайдалы қазбаны заңсыз пайдалануы, әсіресе заңсыз алтын қазу тоқтамай тұр.

Өз бетінше заңсыз алтын  қазатын жекелеген азаматтар көбейген.               

Бұл іске жұмыстың жоқтығынан, күн көріс амалы ретінде баратынын  алға тартуда (Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланған).

Осындай алтын қазуды болдырмау мақсатында жекелеген азаматтарға алтынды өз күшімен өндіруге рұқсат беретін жер қойнауын пайдаланудың жеке түрі ретінде «Кен іздеушілікке арналған лицензия»   алу міндеті     "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің  263 бабына енгізілді (2018 жылдың 29 маусымында күшіне енген).

Кен іздеушілік деп жергілікті атқарушы органның тиісті лицензиясы негізінде бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру құқығын алған Қазақстан Республикасының азаматтары танылады.

Кен іздеушілік аумақтары  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша, облыс әкімдігінің қаулысымен анықталады.

2019 жылы Геология комитетімен 2 кен іздеу учаскесі (Талас, Жуалы аудандары аумағында орналасқан) беріліп, жоғарыдағы уәкілетті органдардың келісуі негізінде облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді, биылғы жылы жеке тұлғаның өтінішімен Меркі ауданының Меркі және Т. Рысқұлов ауданының Жанатұрмыс учаскесі енгізілді.

Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру мемлекеттік  көрсетілетін қызмет тізіліміне де енгізілген. Өтінішті «E-license» электрондық портал арқылы бере алады.

Тиісті құжаттар толығымен ұсынылған жағдайда 7 жұмыс күні ішінде кен іздеушілікке лицензия беріледі.

Ең басты талап - экологияға зиян тигізбеуі тиіс.

Күрделі құрылыстар салуға, химиялық реагенттер мен жарылғыш заттар пайдалануға рұқсат жоқ.

Заң бойынша Кен іздеуші алтын шаю жұмыстарына көлемі 1 текше метрдің жартысынан көп болмайтын күрегі бар экскаваторлар мен бульдозерлерді, жүк көтеру салмағы 10 тоннадан аспайтын көліктерді ғана пайдалана алады.

Қазу жұмыстары кезінде 3 метр тереңдіктен асырмауы керек.

Заңда көрсетілгендей Кен іздеуші әр гектары үшін жылына 9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлеп, өз учаскесінен жылына 50 кг дейін алтын өндіре алады.

Кен іздеушілікке лицензия беру - заңсыз жолмен алтын өндіріп жүрген, көбі күнкөріс қамымен бастарын қатерге тігетін адамдарды заңды жолмен табыс табуға бағыттайтын бірден бір жол.

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи

ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының бас маманы                            Т.Сарымбетов

Дата публикации
19 октября 2022
Дата обновления
19 октября 2022
Тип
Для СМИ

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Для СМИ
19 октября 2022
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану туралы мәселелері, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың заңсыз алтын қазуды болдырмау және алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы
Аналитическая статья
08 ноября 2021
Государственные услуги

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК