

Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық Қазақстан Барысы турниріне Жамбыл облысы атынан бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болатын күнде жақын.
Сәуір айының 23-і күні Тараз қаласында Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спорт кешенінде облысымыздың бар аймағынан іріктелген 22 ең мықты деген атан жілік балуандар «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сынында облыс атынан қатысу мүмкіндігін сарапқа салмақ.