ХАБАР

ХАБАР

         2021 жылдың 25 шілдесі күні Шу ауданы бойынша үш сайлау округі бойынша ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

         Шу аудандық сайлау  комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 9 тармағына, 44 бабы  2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының  Шу ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қорытынды хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Жаңақоғам  ауылдық округі

Жаңақоғам  ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 1503 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 1343. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 26, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 17.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ахмедов С.Д. – 73;  Рахимбаев М.А. – 1085; Серикбаев А.А. – 142.

         Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі болып Рахимбаев Медет Ашимбекович сайланды, 1984 жылы туған, «Омар Шу» ауылшаруашылық кооперативінің бухгалтері, Жаңақоғам ауылдық округі, Көктөбе ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

        

          

         Қорағаты  ауылдық округі

Қорағаты ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 1452  азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 1317. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 33, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 15.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Диханбаев А.А – 976; Мәделі А.Б. – 281.

         Қорағаты ауылдық округінің әкімі болып Диханбаев Адил Асхарханович сайланды, 1986 жылы туған, «SMEC International Ptd ltd» компаниясының инженері, Алға ауылдық округі, Жайсан ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Өндіріс  ауылдық округі

Өндіріс ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 891  азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 562. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Балқожа М.А. – 50;  Башырхан Т.Б. – 55; Карбозов С.К. – 452.

         Қорағаты ауылдық округінің әкімі болып Карбозов Санат Киланович сайланды, 1985 жылы туған, «Nami invest Qurytys» ЖШС директоры, Шу қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

         Шу аудандық сайлау  комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  45 бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен Шу ауданының 2021 жылғы 25 шілдесінде сайланған ауылдық округтер әкімдерін тіркеді.

                              

Шу аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 июля 2021