Хабарлама

Хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау 8 округ бойынша өтті.

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1010 азамат енгізілді, оның ішінде 927 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айсұлтанова А.Е. – 125; Асанбай А.Н.– 737; Рахметова Ф.К.-39.

Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып Асанбай Азамат Ниетқұлұлы сайланды, 1973 жылы туған, Қайыңды ауылдық округінің әкімі, Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Абай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1212 азамат енгізілді, оның 1121-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 10.

«Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдраймова М.Т. – 52; Айхожаев Д.Ш. – 126; Арыстанбек М.Д. – 905.

Абай ауылдық округінің әкімі болып Арыстанбек Мұратбек Дакенұлы сайланды, 1965 жылы туған, Абай ауылдық округінің әкімі, Абай ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1902 азамат енгізілді, олардың 1711-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 36, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 24.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ахметов Б.Н. – 1307; Қалмаханбет М.М. – 120; Мырзатаев Е.Д. - 224.

Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Бауыржан Нуржанович сайланды, 1988 жылы туған, Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақыртөбе ауылдық округінің Ақыртөбе ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2744 азамат енгізілді, олардың 2530-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 76, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 27.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Джабаева Г.И. – 94; Жамбаев Б.Н. – 315; Танкеев О.Ж. - 2018.

Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі болып Танкеев Оразалы Жайылганұлы сайланды, 1963 жылы туған, Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі, Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Қорағаты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 726 азамат енгізілді, олардың 663-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 10.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдикалыкова У.О. – 90; Аблазимов Б.Ж. – 536; Имамбекова А.К - 13.

Қорағаты ауылдық округінің әкімі болып Аблазимов Бахытбек Жаксымбетович сайланды, 1963 жылы туған, Қорағаты ауылдық округінің әкімі, Қорағаты ауылдық округінің Қорағаты ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2240 азамат енгізілді, олардың 2038-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 42, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 32.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абишев А.К. – 1594; Джузбаева М.Т. – 170; Мадалиев Е.С. - 200.

Өрнек ауылдық округінің әкімі болып Абишев Айбек Каирбекович сайланды, 1976 жылы туған, Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі, Құлан ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Тереңөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1681 азамат енгізілді, олардың 1541-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 27.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Куатбеков Р.Е. – 96; Молдакулов М.М. – 216; Смат Қ.Т. - 1171.

Тереңөзек ауылдық округінің әкімі болып Смат Қанат Төлеуұлы сайланды, 1976 жылы туған, Тереңөзек ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Тереңөзек ауылында тұрады, Өзін өзі ұсынған.

Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1351 азамат енгізілді, олардың 1225-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 16.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әміртай С.Ж. – 177; Қуандық Е.Т. – 970; Шайлаева А.Б. - 34.

Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі болып Қуандық Ерсайын Талғатұлы сайланды, 1993 жылы туған, Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы, Құлан ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Т.Рысқұлов ауданының ауыл, ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарлама
Дата публикации
26 июля 2021