2021 жылғы 25 шілдеде Байзақ ауданыныңауылдық округтері әкімдерінің үш сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Байзақ ауданының ауылдық округтер әкімдерін және ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Коктал сайлау округі
Көктал ауыл әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2101 азамат енгізілді, олардың 1884-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 38, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 39.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байжумаев К.У. – 290; Кайпулдаев С.К. - 1414; Турсынбек Е-103
Көктал ауыл әкімі болып Қайпұлдаев Серік Қалыбекұлысайланды, 1984 жылы туған, Тараз қаласы әкімдігінің ТКТЖКШ-інде статист қызметін атқарады, Көктал ауылында тұрады, " Ақ-Жол"партиясының Жамбыл облысы Байзақ аудандық филиалымен ұсынылды.Сарыкемер сайлау округі
Сарыкемер ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 16881 азамат енгізілді, олардың 14398-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 315, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 301.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қияшов Б.В– 2919; Тлеуқұлова С.С – 10778; Толыбаева А.С – 785.
Сарыкемер ауылдық округінің әкімі болып Тлеуқұлова Сәуле Сейдімханқызы сайланды, 1964 жылы туған, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Сарыкемер ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы"қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Байзақ аудандық филиалымен ұсынылды.
Ынтымақ сайлау округі
Ынтымақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 976 азамат енгізілді, олардың 877-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алмешов М.А– 78; Қалматаев А.О – 55; Ноғаев М.О– 714.
Ынтымақ ауылдық округінің әкімі болып Ноғаев Мейірбек Олжабайұлысайланды, 1962 жылы туған, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі , Мадимар ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы"қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Байзақ аудандық филиалымен ұсынылды. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Байзақ ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясы