Унетаев Нүркен Наятұлы 17.09.1982 жылы Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Мырзатай ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, ұлты қазақ.
Қазақстан Республикасының азаматы.
12.12.2003 жылы Тараз қаласы Тараз локомотив жөндеу депосында слесарь болып еңбек жолын бастаған.
13.07.2004 жылы Тараз қаласы Тараз локомотив жөндеу депосында қарауыл.
03.02.2009 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметіне тағайындалған.
18.11.2011 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне ауыстырылған.
01.11.2012 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы,Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.
12.01.2017 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,Сарыкемер ауылы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметіне тағайындалған.
25.05.2021 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жетібай ауылындағы «Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппараты»КММ-не Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған.
22.07.2021 жылдан бастап Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жетібай ауылындағы «Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппараты»КММ-не Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі қызметіне түпкілікті тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметті атқарып келеді.