Қазақстан Президентінің төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) басқару жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиын басталғанға дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы орталығының экожүйесін дамытуға зор үлес қосқан қатысушылар қызметімен танысты. Freedom Finance Global, China Construction Bank Corporation Астана филиалы, Fix Price Group, Grata International және Binance Kazakhstan Technologies компанияларының басшылары өз қызметтерінің нәтижелерін баяндап, инвестициялық жобалар, даму жоспарлары туралы мәлімет берді.Отырысты ашқан Мемлекет басшысы жаһандық капитал нарығындағы қарқынды өзгерістер, жаңа халықаралық сауда-экономикалық байланыстардың қалыптасуы, сондай-ақ елдер арасындағы интеграциялық процестердің нығаюы, қаржы ағынын қайта бөлу жайында айтты.
Президенттің пікірінше, қазіргі сын-қатерлер мен өзгерістер Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы орайда Мемлекет басшысы елдің орнықты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз етудегі «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды рөліне тоқталды. Бұдан соң, Мемлекет басшысы АХҚО алдында аймақтағы табысты қаржылық хаб ретіндегі мәртебесін нығайту міндеті тұрғанына назар аударды. Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселеге тоқталды.
Мемлекет басшысы өтімділік қор нарығын дамытудың негізгі көрсеткішінің бірі екенін атап өтті. Оны, ең алдымен, институционалдық инвесторлар қамтамасыз етеді. Қазір азаматтардың зейнетақы жинағының 50 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық басқарушыларға беру бойынша жұмыс басталды. Осы орайда зейнетақы активтері мен АХҚО-дағы қаржы институттарына шетелдік инвестициялық басқарушы компаниялардың қол жеткізуіне мүмкіндік беру жайын ойластыру қажет.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Ұлттық банкке Үкіметпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, АХҚО-мен бірге компанияларды Орталықта локализациялау бойынша талаптарды күшейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты қорытындылай келе АХҚО-ның былтыр атқарған қызметінің жылдық есебін бекітті.
Іс-шарада АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несис, Amicorp Fund Services компаниясының бас операциялық директоры Робин Хёкян, АХҚО Сотының төрағасы лорд Ян