Меню

Страницы

Статья

«Балдәурен» бөбекжайы» кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Тәрбиенің негізі отбасында қаланады. Балаға толыққанды тәрбие беру оның жеке тұлға болып қалыптасуының, дамуы мен үйлесімді өсуінің алғышарты болып табылады.

Қазіргі уақытта ата-аналардың білім беру бағдарламалары, баланың жас және психологиялы қерекшелігі, баланың қажеттілігі туралы нақты түсініктері жоқ және ата-аналар тәрбиелеу әдістерін сараптай алмайтындықтан отбасының тәрбиелік әлеуетін тиімді қолдана алмайды. Бұның салдары тәрбиелеу нәтижесінің төмендеуіне әкеледі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне мән бермеуі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтік бейімделуіне кері әсер етіп, жүйкелік ауытқулардың пайда болуына жол береді. Ата-аналардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы біліктілігінің аздығы бала тәрбиесіне әсер етеді.

Бүгінгі күннің ата-аналары қаншалықты білімді болса да педагогика, психология, физиология және өзге білім салаларынан толық хабардар емес. Кез-келген білімі бар ата-аналарды бала тәрбиесі туралы мәселелер ойландырады. Сондықтан отбасы білім беру қызметі саласында көмекті қажет етеді.

Баланы тек ата-анасы ғана емес, айналасындағы адамдар да тәрбиелеу қажет. Балаларды әлеуметтік ортадан бөліп алып тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан да балалардың белсенді әрекетіне арналған орындар болуы тиіс. Белсенді әрекетке арналған орындардың болуы баланың жан-жақты дамуына әсер етеді.

Бұл мәселеде мектепке дейінгі ұйымның мамандары құзыретті. Олар ата-анамен тікелей қарым-қатынас жасап, «кері байланыс» орната алады, баланың дамуын бақылайды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің келесідей нысандары: мектепке дейінгі ұйым жанындағы балалардың қысқа мерзімді болу топтары, баланы үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек беру орталықтары және т.б табысты дамуда. Пайда болған жаңа нысандар баланың дамуына белсенді ықпал етіп, отбасыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандардың білікті көмегін алуға көмек беруге арналған. Осындай жаңа нысандардың бірі мектепке дейінгі ұйымның жанында консультациялық пункттер ұйымдастыру болып табылады.

Консультациялық пункт ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін, отбасын және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында құрылды. Консультациялық пункт ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған.

Кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары

 2023-2024 оқу жылы

Тақырыбы

Өтілу түрі

Мерзімі

Жауаптылар

1.

Кеңес беру пунктіне баратын отбасылардың тізімін қалыптастыру.

МДҰ-ға бармаған отбасылар туралы ақпарат жинау

11.09.2023ж

меңгеруші, әдіскер

2.

2023-2024 оқу жылына арналған кеңес беру пункттің жылдық жұмыс жоспарын, мамандардың жұмыс кестесін бекіту.

Жұмыс кестесі.

11.09.2023ж

әдіскер,

мамандар

3.

Ата-аналарға «ВКО ДДО кз» сайтына баланы кезекке қою, жолдаманы шығару бойынша

Кеңес беру

Жыл көлемінде

меңгеруші, әдіскер

4.

Танысу сұхбаты.

Ата-аналарға сауалнама жүргізу

19.09.2023ж

әдіскер

5.

«Балалар мен ата-аналарға арналған үйдегі ойын бұрышы»

Кеңес

03.10.2023ж

Педагог

д/ш нұсқаушысы

6.

«Бала тұлғасын қалыптастыруға ата-ана ұстанымдарының әсері»

Кеңес Қоршаған ортамен танысу бойынша

31.10.2023ж

Әдіскер,

педагогтар

7.

«Дене дамуында қозғалыс белсенділігінің рөлі және балалардың денсаулығы»

Кеңес

21.11.2023ж

д/ш нұсқаушысы, педагогтар

8.

«Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіндегі ойын-драматизация»

Драмалық ойындар туралы сұхбат

05.12.2023ж

Әдіскер,

педагогтар

9.

МДҰ мамандарының жеке жұмысы

Жеке кеңестер

09.01.2024ж

Әдіскер, педагогтар медбике, д/ш нұсқаушысы

10.

«Бала өміріндегі музыкалық ойын» ата-аналармен

Шебер - сынып

16.01.2024ж

Муз.жетекшісі педагогтар

11.

«Отбасы денсаулығы үшін» ата-аналармен

Жеке кеңестер

30.01.2024ж

Медбике, педагогтар

12.

«Болады, болмайды, қажет»

Дөңгелек үстел

06.02.2024ж

Әдіскер, педагогтар

13.

«Менің балабақшада алғашқы серуенім»

Кеңес

Сюжеттік серуен

20.02.2024ж

Медбике, педагогтар

14.

МДҰ мамандарының жеке жұмысы

Жеке кеңестер

05.03.2024ж

Әдіскер, педагогтар медбике, д/ш нұсқаушысы

15.

«Балалармен әңгімелесу» (балалармен әңгімені қалай дұрыс құру керек?)

Кеңес

19.03.2024ж

педагогтар

16.

«Денсаулық зор байлық»

Ішек инфекцияларының алдын алу туралы кеңес

02.04.2024ж

Медбике

17.

МДҰ мамандарының жеке жұмысы

Жеке кеңестер

09.04.2024ж

Әдіскер, педагогтар медбике, д/ш нұсқаушысы

18.

«Мектеп жасына дейінгі балаларды кітап оқумен қалай қызықтыру керек?»

Кеңес

07.05.2024ж

Әдіскер

19.

Ата-аналарға арналған ұсыныстар

Кеңес

14.05.2024ж

педагогтар

20.

Жұмыстың нәтижелілігі туралы жылдық есеп

сауалнама

28.05.2024ж

Әдіскер

Дата публикации
26 октября 2023
Дата обновления
26 октября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
14 декабря 2023
ШҚО Зайсан ауданының консультациялық пункттері
Хабарлама
14 ноября 2023
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты