Конкурсқа қатысу үшін жұмыс істеп жүрген судьялар ұсынатын құжаттар тізімі
№ |
Құжат |
Ескертпе |
|
Өтініш |
Кеңес Төрағасының атына жазылады, өтініш берушінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіліп, баспа түрде жазылады, қолы мен күні қойылады. Өтініште нақты қандай судьялық бос лауазымға орналасқысы келетінін және тиісті аймақтың сот атауын көрсетуі қажет. |
|
Кандидаттың сауалнамасы |
Электрондық сауалнама konkurs@vss.gov.kz электрондық поштасына жіберіледі. Кеңеске үміткердің қолы қойылған қағазға басылған сауалнама тапсырылады. |
|
Жұмыс орны бойынша қызметтік мінездеме |
Мінездеме бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі. Мінездеме өзінің стандарттары бойынша судья қасиеттерін оң және оң емес бағалауды қамтитын ұсыным хатқа сәйкес болуы тиіс. Құжаттың берілген күні мен тіркеу нөмірі болуы тиіс. Мінездемеде адамның: 1) кәсіби қызметі; 2) іскерлік, жеке және адамгершілік қасиеттері; 3) көтермелеу және тәртіптік жазалар; 4) кандидаттың ұйымдастырушылық қабілеті туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, бұрынғы судьялар үшін – сот төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу және т.б.) туралы мәліметтерді қамту керек. Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі. Көрсетілген мәліметтер өзекті болған жағдайда мінездеме берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды. |
|
Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы |
Теріс қорытындыда теріс шешім қабылдағанннын себептері көрсетіледі. Қорытынды конкурс өткізілетін мерзімде алынады.
|
|
Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы |
Облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқасы төрағасының лауазымдарына конкурсқа қатысушыларға қажет емес. Қорытынды конкурс өткізілетін мерзімде алынады.
|
|
Жұмысының көрсеткіштері туралы анықтама |
Соңғы толық үш жыл ішінде судья болған кездегі мәліметтер ұсынылады. Үміткер әлеуметтік демалыста болған жағдайда нақты судья қызметін атқарған толық үш жыл бойынша мәліметтер ұсынылады. Жұмысының көрсеткіштері туралы анықтамада қаралған:
Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы, күні қойылып, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Егер кандидаттың іс-әрекетіне жоғары тұрған сот сатыларындағы шағымдар, ескертулер-хаттар, судья жіберген заң бұзушылықтар туралы прокурорлардың ұсынымдары келіп түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір өтініш бойынша фабуланы және қарау нәтижесін (өтініш авторларының дәлелдерінің расталғанын міндетті түрде көрсете отырып), прокурорлардың ескертулері мен хаттарын қарау нәтижелерін егжей-тегжейлі көрсету қажет. Судьяның күші жойылған және (немесе) өзгертілген актілері болған жағдайда, қаралған істің қысқаша фабуласын, актінің күшін жою және (немесе) өзгертудің себептері мен негіздерін қамтитын ақпарат ұсынылады (талдамалық анықтама). Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сот актілерінің күшін жою/өзгерту туралы жоғары тұрған сот сатыларының қаулылары және ұйғарымдарының көшірмелері (пайдалануы шектеулі ақпаратты көздейтін актілерді қоспағанда) электронды түрде жазылып жолданады. |
|
1) Тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы; 2) судьяға қатысты келіп түскен шағымдар туралы; 3) жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы; 4) судьяның жол берген заңдылық бұзушылықтары бойынша прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтер |
|
|
Судьяның кәсіби қызметін бағалаудың нәтижелері туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі |
Жоғары тұрған (облыстық соттың судьясы), сондай-ақ басшы (облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқасының төрағасы, аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы) судья лауазымына конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін. Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды. |
|
Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы |
Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттар үшін. Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды. |
|
Кандидат үміттенген облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы |
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судья лауазымдарына үміткер үшін ғана. Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.
|
|
Соттардың жұмысын жетілдіру бойынша іс-қимыл жоспары (бағдарламасы) |
Басшы судьялық лауазымдарға кандидаттар үшін. |
|
Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруға байланысты емес қызметке қатысуы туралы ақпарат |
Кадр резерві жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамында болу, оқу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, судьялар одағының филиалдары мен судьялар әдебі жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу және т.б.
|