Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындарына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі  аудандық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындарына конкурс жариялайды

Барлығы: 149 бос орын.

Конкурс қатысушыларға қойылатын талаптар

Конкурсқа қатысуға «Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін азаматтар жіберіледі.

Конституциялық заңның мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:

1) Судья лауазымына алғаш рет және қайта түсетін адамдар үшін (өту);

2) Жұмыс істейтін судьялар үшін (өту).

Құжаттардың сканерленген нұсқалары электрондық жеткізгіште (диск немесе флеш-карта) қоса беру қажет.

Құжаттарда өзекті ақпарат болуы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.

Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.

Конституциялық заңның 29-бабының 8-тармағына сәйкес судьялыққа кандидаттар тағылымдамадан Жоғары Сот Кеңесінің судьяның бос лауазымына тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін өте алады.

Конституциялық заңның 29-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес атқарып отырған лауазымында екі жылдан аз жұмыс істеген судьяның бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысуына жол берілмейді.

Атқарып отырған лауазымында екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның конкурсқа қатысуына жол берілмеу туралы талап мынадай судьяларға қолданылмайды:

1) шалғай жерде орналасқан соттарда судья лауазымына орналасуға ниет білдірген судьялар (шалғай жерлерде орналасқан соттардың тізбесі);

2) тұрғылықты жерін ауыстыруды талап ететін ауруының болуы туралы медициналық қорытындысы бар судьялар;

3) бұрын соттың қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, соттар судьяларының штат санының азайтылуына байланысты судья лауазымына конкурссыз тағайындалған судьялар.

Құжаттарды ұсыну мерзімдері

Құжаттар 2025 жылғы 15 тамызды қоса алғанда келесі мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.

Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Қосымша мәліметтер

Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).

Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 75-16-36, 74-96-47.

Бос орындар тізімі сілтеме бойынша (өту).