Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Конкурсқа қатысу үшін судьялық лауазымдарға алғаш рет және жаңадан түскен адамдар ұсынатын құжаттар тізімі

Конкурсқа қатысу үшін судьялық лауазымдарға алғаш рет және жаңадан түскен адамдар ұсынатын құжаттар тізімі

Құжат

Ескертпе

    1.  

Өтініш

Кеңес Төрағасының атына жазылады, өтініш берушінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіліп, баспа түрде жазылады, қолы мен күні қойылады.

Өтініште нақты қандай судьялық бос лауазымға орналасқысы келетінін және тиісті аймақтың сот атауын көрсетуі қажет.

    1.  

Кандидаттың сауалнамасы

(сауалнаманы жүктеу)

Кеңеске үміткердің қолы қойылған қағазға басылған сауалнама тапсырылады.

    1.  

Қолданыстағы жеке куәліктің көшірмесі

 

    1.  

Арнайы орташа білімі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы диплом мен оған қосымшалардың

көшірмелері

Нотариалды куәландырылады

 

    1.  

Өзекті еңбек кітапшасының көшірмесі

Нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны бойынша күні көрсете отырып кадр қызметі куәландырған көшірмесі ұсынылады.

Еңбек кітапшасына соңғы немесе ағымдағы жұмыс орны міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады.

Егер адам әскери, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда ғана қызмет атқарған болса, қызметтік тізімнің көшірмесі ғана ұсынылады.

    1.  

Ағымдағы

жұмыс орнынан

қызметтік мінездеме

Мінездеме бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі.

Құжаттың берілген күні мен тіркеу нөмірі болуы тиіс.

Мінздемеде адамның:

1) кәсіби қызметі;

2) іскерлік, жеке және адамгершілік қасиеттері;

3) көтермелеу және тәртіптік жазалар;

4) кандидаттың ұйымдастырушылық қабілеті туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, бұрынғы судьялар үшін – сот төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу және т.б.) туралы мәліметтерді қамту керек.

Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі.

Көрсетілген мәліметтер өзекті болған жағдайда мінездеме берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

    1.  

Белгіленген үлгідегі  денсаулық туралы анықтама

Берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

    1.  

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген.

    1.  

Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы

Теріс қорытындыда теріс шешім қабылдағанннын себептері көрсетіледі.

Қорытынды берілгн күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

Бұрын судья қызметін атқарған адам осы судья қызметтегі соңғы жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысын ұсынады.

    1.  

Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы

Қорытынды берілгн күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

Бұрын судья қызметін атқарған адам осы судья қызметтегі соңғы жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ұсынады.

    1.  

Кандидат үміттенген облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы

Облыстық және оған теңестірілген сотының судьялары лауазымына үміткерлер үшін ғана.

Облыстық және оған теңестірілген соттарда беріледі.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

Мамандандырылған магистратура түлектері үшін қосымша

    1.  

Біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттар

 

Бұрын судья қызметін атқарған кандидаттар үшін қосымша

    1.  

Жұмысының көрсеткіштері туралы анықтама

Соңғы толық үш жыл ішінде судья болған кездегі мәліметтер ұсынылады.

Үміткер әлеуметтік демалыста болған жағдайда нақты судья қызметін атқарған толық үш жыл бойынша мәліметтер ұсынылады.

Жұмысының көрсеткіштері туралы анықтамада қаралған:

  • азаматтық істер,
  • қылмыстық істер,
  • тергеу судья ретінде қаралған істер,
  • әкімшілік құқықбұзушылықтар жөнінде істер,
  • салық салу саласындағы істер,
  • жер қойнауын пайдалану саласындағы істер,
  • зияткерлік меншік құқық саласындағы,
  • әкімшілік істер (Әкімшілік құқық бұзүшылық туралы кодекстің 189-бабы, АПК-тің 27-29 тараулары негізінде) санаттары бойынша сандары көрсетіледі.

Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының қолы, күні қойылып, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Егер кандидаттың іс-әрекетіне жоғары тұрған сот сатыларындағы шағымдар, ескертулер-хаттар, судья жіберген заң бұзушылықтар туралы прокурорлардың ұсынымдары келіп түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір өтініш бойынша фабуланы және қарау нәтижесін (өтініш авторларының дәлелдерінің расталғанын міндетті түрде көрсете отырып), прокурорлардың ескертулері мен хаттарын қарау нәтижелерін егжей-тегжейлі көрсету қажет.

Судьяның күші жойылған және (немесе) өзгертілген актілері болған жағдайда, қаралған істің қысқаша фабуласын, актінің күшін жою және (немесе) өзгертудің себептері мен негіздерін қамтитын ақпарат ұсынылады (талдамалық анықтама).

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сот актілерінің күшін жою және (немесе) өзгерту туралы жоғары тұрған сот сатыларының қаулылары және ұйғарымдарының көшірмелері (пайдалануы шектеулі ақпаратты көздейтін актілерді қоспағанда) электронды түрде жазылып жолданады.

    1.  

1) Тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы;

2) судьяға қатысты  келіп түскен шағымдар туралы; 3) жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы;

4) судьяның жол берген заңдылық бұзушылықтары бойынша прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтер

(анықтаманы жүктеу)

    1.  

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқалары төрағалары лауазымдарына кандидаттар үшін ғана.

Қорытынды берілгн күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

    1.  

Соттардың жұмысын жетілдіру бойынша іс-қимыл жоспары (бағдарламасы)

Басшы судьялық лауазымдарға кандидаттар үшін.

 

Дата публикации
21 июля 2021
Дата обновления
21 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат
05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуге жіберілген адамдардың тізімі
28 февраля 2024
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің отырыстарын және облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарын өткізу туралы ақпарат

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары