Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады: жұмыс істеп жүрген судьялар

Құжат

Ескертпе

  1.  

Өтініш

Кеңес Төрағасының атына жазылады, өтініш берушінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіліп, баспа түрде жазылады, қолы мен күні қойылады.

Өтініште нақты қандай судьялық бос лауазымға орналасқысы келетінін және тиісті аймақтың сот атауын көрсетуі қажет.

  1.  

Кандидаттың сауалнамасы

Осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылады.

Электрондық сауалнама Кеңестің электрондық поштасына жіберіледі.

Кеңеске үміткердің қолы қойылған қағазға басылған сауалнама тапсырылады.

  1.  

Жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы

Теріс қорытындыда теріс шешім қабылдағанннын себептері көрсетіледі.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы

Облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқасы төрағасының лауазымдарына конкурсқа қатысушыларға қажет емес.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

 

  1.  

Жұмысының көрсеткіштері туралы анықтама

Соңғы толық үш жыл ішінде судья болған кездегі мәліметтер ұсынылады.

Үміткер әлеуметтік демалыста болған жағдайда нақты судья қызметін атқарған үш жылдары бойынша мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы, күні қойылып, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Егер кандидаттың іс-әрекетіне жоғары тұрған сот сатыларындағы шағымдар, ескертулер-хаттар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір өтініш бойынша фабуланы және қарау нәтижесін (өтініш авторларының дәлелдерінің расталғанын міндетті түрде көрсете отырып), егжей-тегжейлі осы Регламенттің 3-1 қосымшасына сәйкес көрсету қажет.

Судьяның күші жойылған және (немесе) өзгертілген актілері болған жағдайда, қаралған істің қысқаша фабуласын, актінің күшін жою және (немесе) өзгертудің себептері мен негіздерін қамтитын ақпарат ұсынылады (талдамалық анықтама).

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сот актілерінің күшін жою/өзгерту туралы жоғары тұрған сот сатыларының қаулылары және ұйғарымдарының көшірмелері (пайдалануы шектеулі ақпаратты көздейтін актілерді қоспағанда) электронды түрде жазылып жолданады.

  1.  

1) Тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы;

2) судьяға қатысты  келіп түскен шағымдар туралы;

3) жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы;

4) облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарында талқылаулар туралы мәліметтер: қысқаша мазмұны, қарау нәтижелері және қабылданған шаралар

  1.  

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы

Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттар үшін.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруға байланысты емес қызметке қатысуы туралы ақпарат

Оқу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, судьялар одағы, оның филиалдары мен судьялар әдебі жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу және т.б.

 

 

Дата публикации
18 июля 2023
Дата обновления
18 июля 2023
Тип

Сейчас читают

28 ноября 2025
Жоғары Сот Кеңесінің 2025 жылғы 28 қарашадағы шешімімен жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың тізімі
28 ноября 2025
Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының, облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, сот алқаларының төрағалары мен судьясының, кассациялық соттың төрағасы мен судьясы, Жоғарғы Сот судьясы мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві
14 ноября 2025
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты