Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады: судьялық лауазымдарға алғаш рет және жаңадан түскен адамдар үшін

Құжат

Ескертпе

  1.  

Өтініш (үміткердің сауалнамасы)

Осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылады.

Сауалнаманың электрондық нұсқасы кеңестің электрондық мекенжайына жіберіледі.

Кеңеске үміткердің қолы қойылған қағазға басылған сауалнама тапсырылады.

  1.  

Қолданыстағы жеке куәліктің көшірмесі

 

  1.  

Дипломның көшірмесі

арнаулы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және оған қосымша туралы

Нотариалды куәландырылады

 

  1.  

Өзекті еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжаттар)

Жұмыс орны бойынша нотариалды немесе кадр қызметімен куәландырылған еңбек кітапшасының күні көрсетілген көшірмесі ұсынылады.

Еңбек кітапшасында соңғы немесе ағымдағы жұмыс орны көрсетілуі керек.

Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық емес көлемде енгізілетін қызметкерлер үшін (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрынғы қызметкерлер үшін еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы растаған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі растаған нақты лауазымдары көрсетілген анықтаманы ұсыну қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер ұсынады.

  1.  

Белгіленген үлгідегі денсаулық туралы анықтама

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген.

  1.  

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген.

  1.  

Жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы

Теріс қорытынды кезінде теріс шешім қабылдау себептері көрсетіледі.

Бұрын судьялық лауазымды атқарған адамдар судья лауазымындағы соңғы жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысын ұсынады.

Қорытынды берілген сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

  1.  

Жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы

Бұрын судья қызметін атқарған адамдар үшін, судья қызметтегі соңғы жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ұсынады.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы

Жоғары Сот судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттар үшін.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

Бұрын судья қызметін атқарған кандидаттар үшін қосымша

  1.  

Жұмыс көрсеткіштері туралы анықтама

Соңғы толық үш жыл ішінде судья болған кездегі мәліметтер ұсынылады.

Үміткер әлеуметтік демалыста болған жағдайда нақты судья қызметін атқарған үш жылдары бойынша мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы, күні қойылып, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Егер кандидаттың іс-әрекетіне жоғары тұрған сот сатыларындағы шағымдар, ескертулер-хаттар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір өтініш бойынша фабуланы және қарау нәтижесін (өтініш авторларының дәлелдерінің расталғанын міндетті түрде көрсете отырып), егжей-тегжейлі осы Регламенттің 3-1 қосымшасына сәйкес көрсету қажет.

Судьяның күші жойылған және (немесе) өзгертілген актілері болған жағдайда, қаралған істің қысқаша фабуласын, актінің күшін жою және (немесе) өзгертудің себептері мен негіздерін қамтитын ақпарат ұсынылады (талдамалық анықтама).

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сот актілерінің күшін жою/өзгерту туралы жоғары тұрған сот сатыларының қаулылары және ұйғарымдарының көшірмелері (пайдалануы шектеулі ақпаратты көздейтін актілерді қоспағанда) электронды түрде жазылып жолданады.

  1.  

1) Тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы;

2) судьяға қатысты  келіп түскен шағымдар туралы;

3) жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы;

4) облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарында талқылаулар туралы мәліметтер: қысқаша мазмұны, қарау нәтижелері және қабылданған шаралар

 

 

Дата публикации
18 июля 2023
Дата обновления
18 июля 2023
Тип

Сейчас читают

02 сентября 2025
Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбесі
02 сентября 2025
Облыстық соттарға жеке конкурс өткізу үшін құқық салаларының тізбесі
13 августа 2025
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы