Артқа

Бегалиев Ернар Нұрланұлы

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі

Жалпы ақпарат, білімі

1980 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келді.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді.

Мансап

Мамандығы бойынша еңбек жолын 2001 жылы Д.А. Қонаев атындағы университеттің «Криминалистика және сот сараптамалары» кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2003 жылдан – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Криминалистика және сот сараптамалары» кафедрасының аға оқытушысы.

2005-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің академиясында қызмет атқарды.

2011-2016 жылдары - Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 427 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Ғылыми дәрежесі, атағы:
заң ғылымдарының докторы, профессор.

Марапаттар, медальдар:
2009-ҚР ІІМ үздігі (төсбелгі);
2011-Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (медаль);
2014-ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен «Теңгеге 20 жыл» медалі;
2014-ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Кітап мәдениетін дамытқаны үшін» медалі;
2017 – «Бас прокуратураның статистика органдарына 20 жыл» медалі;
2021-Прокуратура үздігі (төсбелгі).

Жаңарту күні: