Жарма ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді

Жарма ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді

Ақпараттық хабар

Жарма ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2021 жылдың 1 ақпанынан 2021 жылдың 19 ақпанына дейін ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 «ШҚО Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, 4 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады телефон 8(72347) 65-875.

Конкурстық өтінімдермен конверттер 2021 жылдың 22 ақпанында сағат 10.00-де, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, мекенжайында (қалалық әкімдіктің ғимаратында) ашылады және қорытындысы шығарылатын болады.

Конкурс:

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;

Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

Жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар

1) жер учаскесі белгіленген мақсатқа сәйкес пайдаланылсын;

2) жерді қорғау, оларды орынды және тиімді пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасында қарастырылған іс–шаралар жүзеге асырылсын;

3) ауыспалы егіс жүйесін міндетті жүргізу және сақтау қамтамасыз етілсін;

4) жер учаскесін пайдалануға арналған төлем уақытында төленсін;

5) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндіріс технологиялары қолданылсын;

6) 20.06.2003 жылғы № 442-II Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында қарастырылған жер пайдаланушының басқа міндеттері орындалсын.

Жер учаскелерінің тізбесі