Көкпекті ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Көкпекті ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Көкпекті аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс он жетінші сессиясы 2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.00-де, аудандық әкімдік ғимаратында (Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 «а») өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.00-ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-2 «2022-2024 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Әртүрлі.

Тұрақты комиссияның отырысы 2022 жылғы 18 мамырда сағат 9.00-де аудандық әкімдік ғимаратында өтеді.